«Соғыс жылдарындағы Қазақстан» атты кітап көрмесі
№4 орта мектеп кітапханасында 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Соғыс жылдарындағы Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Мақсаты: Қазақстан халқының соғыс жылдарындағы ерлігін, патриоттық рухын көрсету, майдан мен тылдағы еңбектің маңызын түсіндіру, жастарға Отанды сүю, елді қорғау, батырлыққа тәрбиелеу, соғыс жылдарындағы тарихи шындықты ұғындыру.