Материалы за Апрель 2026 года » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2026 года
№4 орта мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы » жобасы аясында «Адал еңбек» тақырыбында  бейнероликтер көрсетіліп, мамандықтар туралы әңгіме жүргізілді.
06
апрель
2026
№4 орта мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы » жобасы аясында
№4 орта мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы » жобасы аясында «Адал еңбек» тақырыбында  бейнероликтер көрсетіліп, мамандықтар туралы әңгіме жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға адалдық, еңбекқорлық және табыс ұғымдарының өзара байланысын түсіндіру. Адал еңбектің адам өміріндегі маңызын  ұғындыру. Өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және адал жолмен табыс табуға тәрбиелеу.
Текелі қаласы №4 ОМ КММ оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.
06
апрель
2026
Текелі қаласы №4 ОМ КММ оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Текелі қаласы №4 ОМ КММ оқушылармен кездесу ұйымдастырылып, еліміздің намысын халықаралық деңгейде қорғап жүрген танымал спортшы Аймаханов Жақсыбек Пралбекович арнайы қонақ болды. Аймаханов Жақсыбек Пралбекович – ММА-дан 4 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы және 2025 жылғы Әлем чемпионы. Сонымен қатар, джиу-джитсудан 2 дүркін ҚР чемпионы, Азия және Әлем чемпионы атанса, қазақ ұлттық жекпе-жегінен де ҚР чемпионы, Азия және Әлем чемпионы болып табылады.
Мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған профориентациялық кездесу ұйымдастырылды.
03
апрель
2026
Мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған профориентациялық
Мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған профориентациялық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жоғары оқу орнының өкілдері келіп, оқу бағыттары, мамандықтар тізімі және қабылдау шарттары туралы толық ақпарат берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықты таңдау бойынша маңызды мәліметтер алды.