Іс-шаралар » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауына қатысып, жүлделі 2-орын иеленді.
19
май
2026
Республикалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауына қатысып, жүлделі
Текелі қаласы, #4 орта мектептің 11-сынып оқушысы Тәлет Айбота республикалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауына қатысып, жүлделі 2-орын иеленді.  Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маликова Шолпан Касымовна
Республикалық олимпиадада жүлделі І орын.
19
май
2026
Республикалық олимпиадада жүлделі І орын.
Текелі қаласы, №4 орта мектептің 6-сынып оқушысы Онайбекова Жасмин жалпы білім беретін пәндер бойынша 5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадада жүлделі І орын иеленді. Жетекшісі — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Разбекова Асель Нургазыевна.
Облыстық «BookTok Trailer-2026» буктрейлер  қашықтық зияткерлік сайысы
13
май
2026
Облыстық «BookTok Trailer-2026» буктрейлер қашықтық зияткерлік сайысы
2026 жылдың 1-15 сәуір аралығында 7-9 сынып оқушылары арасында буктрейлер форматында  «BookTok Trailer-2026» облыстық қашықтық зияткерлік сайысы өтті.  Сайысқа мектептең 3 оқушы қатысты: Бақытбек Інкәр , Жусипова Айдана- 8 сынып, Падалкина Ангелина-7 сынып.        7- сынып оқушысы  Падалкина Ангелина  ІІ орынға ие болды.Жетекшісі Байтогаева Ляззат Кажымуратовна.
«Соғыс жылдарындағы Қазақстан»  атты кітап көрмесі
08
май
2026
«Соғыс жылдарындағы Қазақстан» атты кітап көрмесі
№4 орта мектеп кітапханасында 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Соғыс жылдарындағы Қазақстан»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Мақсаты: Қазақстан халқының соғыс жылдарындағы ерлігін, патриоттық рухын көрсету, майдан мен тылдағы еңбектің маңызын түсіндіру, жастарға Отанды сүю, елді қорғау, батырлыққа тәрбиелеу, соғыс жылдарындағы тарихи шындықты ұғындыру.  
9-11 сынып оқушыларына арналған құқық негіздері пәнінен облыстық  олимпиадасына  қатысу туралы ақпарат
08
май
2026
9-11 сынып оқушыларына арналған құқық негіздері пәнінен облыстық
2026 жылғы  05 мамырда  Талдықорған қаласының №27 орта мектеп-гимназиясында  9-11 сынып оқушыларына арналған құқық негіздері пәнінен облыстық  олимпиадасы  өтті. Олимпиадаға  қатысқан  10-сынып оқушысы Сисенбай Тасним жүлделі  ІІІ орынды иеленді.  Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Мурзагулова Сауле Байгалиевна
№4 орта мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы » жобасы аясында «Адал еңбек» тақырыбында  бейнероликтер көрсетіліп, мамандықтар туралы әңгіме жүргізілді.
06
апрель
2026
№4 орта мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы » жобасы аясында
№4 орта мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы » жобасы аясында «Адал еңбек» тақырыбында  бейнероликтер көрсетіліп, мамандықтар туралы әңгіме жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға адалдық, еңбекқорлық және табыс ұғымдарының өзара байланысын түсіндіру. Адал еңбектің адам өміріндегі маңызын  ұғындыру. Өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және адал жолмен табыс табуға тәрбиелеу.
Текелі қаласы №4 ОМ КММ оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.
06
апрель
2026
Текелі қаласы №4 ОМ КММ оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Текелі қаласы №4 ОМ КММ оқушылармен кездесу ұйымдастырылып, еліміздің намысын халықаралық деңгейде қорғап жүрген танымал спортшы Аймаханов Жақсыбек Пралбекович арнайы қонақ болды. Аймаханов Жақсыбек Пралбекович – ММА-дан 4 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы және 2025 жылғы Әлем чемпионы. Сонымен қатар, джиу-джитсудан 2 дүркін ҚР чемпионы, Азия және Әлем чемпионы атанса, қазақ ұлттық жекпе-жегінен де ҚР чемпионы, Азия және Әлем чемпионы болып табылады.
Мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған профориентациялық кездесу ұйымдастырылды.
03
апрель
2026
Мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған профориентациялық
Мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған профориентациялық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жоғары оқу орнының өкілдері келіп, оқу бағыттары, мамандықтар тізімі және қабылдау шарттары туралы толық ақпарат берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықты таңдау бойынша маңызды мәліметтер алды.
Ыстық тамақпен қамтылу туралы
12
март
2026
Ыстық тамақпен қамтылу туралы
2025-2026 оқу жылы 1-4 сынып 494 оқушы және 5-11 сынып  214 оқушы тегін тамақпен қамтылды. Оның ішінде жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 1-4 сыныптан 158 оқушы 5-9 сыныптан 194 оқушы  10-11 сыныптан 20 оқушы тегін тамақ ішеді.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 27 Вперед