Циклограмма » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2020

Циклограмма

Тамыз айында мектеп жұмысын жоспарлау
Тамыз айында білім беру қызметін ұйымдастыру мен бақылауды ұйымдастыру үшін мектеп қызметінің циклограммасын және бір айлық жұмыс жоспарын жасау керек.
Қандай басты істерді жоспарлау керек
Дайындықты 2019-2020 оқу жылындағы жұмысты талдаудан бастау керек. Оны зерделеп, алдағы жылы жұмысты күшейтуді қажет ететін тұстарын анықтап, педагогикалық ұжым жұмыс істейтін мақсаттар мен міндеттерді белгілеу керек. Белгіленген міндетке сүйене отырып, іс-шаралар жоспарын, бақылау түрлерін, жиналыстарды және т.б. белгілеу керек.
Қандай құжат дайындау керек:
-оқу жоспары;
-МIБ жоспары;
-тәрбие жұмысы жоспары;
-ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары;
-оқу-тәрбие жұмысы жоспары;
-әлеуметтік-психологиялық қызмет жоспары;
Оқу жылының басында мектеп бойынша белгілі бұйрықтар жинағы шығарылады.




Оқу жылының басында шығарылатын бұйрықтар(бұйрық жобаларының) тізімі:
-Оқу жылының басталуы туралы
-Білім алушыларды 1-ші сыныпқа қабылдау туралы;
-Білім алушыларды 10-шы сыныпқа қабылдау туралы;
-Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру туралы;
-Оқу жоспарын бекіту туралы;
-Оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспарын бекіту туралы;
-Мектептің оқу жылындағы жұмыс режимі туралы;
-Мектеп формасы туралы;
-Оқу жылында педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін бекіту туралы;
-Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі жетекшілерін тағайындау туралы;
-Әдістемелік кеңес құрамын бекіту туралы;
-Оқу жылында міндеттерді мектеп әкімшілігі мүшелері мен басқа жауапты қызметкерлер арасында бөлу туралы;
-Оқу жылынының І жартыжылдығына арналған сабақ кестесінбекіту туралы;
-Оқу жылынының І жартыжылдығына факультатив сабақтардың кестесін бекіту туралы;
-Оқушылардың оқу жылындағы сабақтан тыс сабақ кестесін бекіту туралы;
-Мектеп оқушыларын ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру туралы;
-Мектеп асханасының жұмыс кестесін бекіту туралы;
-Бракераж комиссиясын құру туралы;
-Оқу пәндері, факультативтер мен элективті курстар бойынша жұмыс бағдарламаларын, күнтізбелік тақырыптық жоспарды, үйірменің жұмыс жоспарын бекіту туралы;
-Мектеп жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру кестесін бекіту туралы;
-Ұзартылған күн тобын құру туралы;
-Мектепке келген оқушыларды қабылдау туралы
-Кеткен оқушыларды оқудан шығару туралы;
-Үйден оқуды ұйымдастыру туралы және т.б.
Сонымен бірге мектептің міндетті актілерінің қатарында Жұмыскерлердің ішкі еңбек тәртібі қағидалары, лауазымдық нұсқаулықтар және басқа жергілікті актілер бар. Бұл құжаттар жарамдылық мерзімі өткен не оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жайында білім беру ұйымының басшысымен бекітілу әрі қолданысқа енгізуі тиіс.


Қыркүйекке дейін нені бақылау керек
-мектеп ғимараты мен оқу кабинеттерінің дайындығын;
-педагогтердің оқу процесінің басталуына дайындығын;
-жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сертификаттың болуы мен жарамдылық мерзімі;
-пәндер бойынша бағдарламаның болуын;
-жас әрі жаңадан келген мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
Директор қызметінің апталық циклограммасы
Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
Мектепте кезекшілік ету. Лездеме:жедел ақпарат алмасу әкімшілік жұмыскерлерінің алдағы аптаға арналған мақсаттарын, жоспарлары мен іс-әрекетін түзету. Мектеп құжаттамасымен жұмыс. Аудандық білім бөлімі басшының қатысуымен өтетін жиналысқа қатысуы. Жоғары тұрған инстанцияның нұсқауларын, өкімдерін, жүктемелері мен тапсырмаларын орындау.Сабаққа, үйірмеге, секцияға қатысу. Ыстық тамақтануды ұйымдастыру, асхана жұмысы. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстың жай-күйі. Мектептің санитариялық – гигиеналық жай-күйі. Директордың қатысуы-мен өтетін жиналыс өткізу. Мұғалімдер-мен, ата- аналармен, оқушылармен жеке жұмыс істеу, мектеп психологы, мектептің медқыз-медкері қабылдау(жеке мәселе бойынша )күні. Әдістемелік күн– дайындық және шығармашылық жұмыс күні. Нормативтік құжаттармен танысу, мектептің ішкі құжаттарын әзірлеу және түзету.Озық педагогикалық және басқару тәжірибесімен танысу. Әдістемелік кеңес. Мектептік ә/б жұмысы. Жоғары сынып оқушыларының кеңесі. Апталық істер мен оқиғаларға шолу. Келесі аптаға арналған жұмыс жоспарын жасау. Мектеп құжаттамасын ресімдеу. Апта бойы жүргізілген іс-шараларды талдау.

Мектептің тамыз айындағы жұмыс циклограммасы
№ Іс-шаралар Мерзімі Жауапты тұлға
1 2 3 4
Ұйымдастыру және басқару
1 Әкімшілік кеңестер Сәрсенбі сайын Әкімшілік
2 Жедел жиналыстар Дүйсенбі сайын Мектеп әкімшілігі
3 Директордың қатысуымен өтетін жиналыс Айдың соңғы сенбісі Мектеп әкімшілігі мен ұжымы
4 Мектепті қабылдау, мектептің жаңа оқу жылына дайындығы 09.08.20ж. Директор, директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары
5 Оқу кабинеттері мен үй-жайлардың жаңа оқу жылына дайындығын тексеру(кабинеттерді сертификаттау ) 19.08.20ж. Директор, директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары, директордың БО жөніндегі орынбасары
6 Мектеп жұмысын жоспарлау (ОЖЖ, МІБ,ТІ,ОТП,ҒӘЖ,ПСҚ жоспарын түзету) 20.08.20ж. Директор, директордың ОТІ,БО,ТІ жөніндегі орынбасары
7 Мектептің жұмыс тәртібін бекіту: мектептің ашылуы, үзілістер және т.б. 21.08.20ж. Директор, директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары
8 Директордың жаңадан қабылданған орынбасарларымен әңгімелесуі 24.08.20ж. Директор
9 «Өткен жылғы жұмысты және жаңа оқу жылына арналған міндеттерді талдау» тамыз педкеңесін ұйымдастыру және өткізу 28.08.20ж Директор, директордың ОТІ, БО, ТІ жөніндегі орынбасары
10 Тамыз кеңесіне қатысу Кесте бойынша Директор, директордың БО жөніндегі орынбасары, пән мұғалімдері
11 Мұғалімдердің, оқушылардың, техперсоналдың, өзге қызметкерлердің, әкімшіліктің кезекшілік кестесін жасау және бекіту 28.08.20ж. Әкімшілік
12 Жедел жиналыстар Қажетіне қарай Әкімшілік
13 Мектеп сайтының жаңа контентпен толықтыруын бақылау Қажетіне қарай Мектеп сайтына жауапты тұлға
14 Сыныптарды жинақтау Айдың соңына дейін Әкімшілік, іс қағаздарын жүргізуші
15 Мектепке дейін оқу топтарын құру 25-31.08.20ж. Директор, директордың ОТІ жөніндегі, бастауыш мектепке жауапты орынбасары
16 Ұзартылған күн тобын құру 25-31.08.20ж. Директор, директордың ОТІ жөніндегі, бастауыш мектепке жауапты орынбасары
17 Бейіндік оқыту бойынша, шетел тілін оқыту бойынша топ құру және т.б. 25-31.08.20ж. Директор, директордың ОТІ жөніндегі, бастауыш мектепке жауапты орынбасары
18 Ыстық тамақтануды ұйымдастыру, жоспарлар, бұйрықтар, тегін тамақтанатын оқушы тізімін жасау және т.б. 29-30.08.20ж. Директор, директордың асханаға жауапты орынбасары, әлеуметтік педагог
Кадрмен жұмыс
19 Жас мамандармен әңгімелесу:оларды қабылдау, әңгімелесу, тағайындау туралы бұйрық 25.08.20ж. дейін Директор, ісқағаздарын жүргізуші
20 Жаңа жұмыскерлерді жұмықа қабылдау және ресімдеу, тағайындау туралы бұйрық, педагогтің жеке ісін жасау, құжат жинау 31.08.20ж. дейін Директор, ісқағаздарын жүргізуші
21 Кабинеттерді тексеру және бөлу 25.08.20ж. дейін Директор, директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары, директордың БО жөніндегі орынбасары
22 Кадр жинақтау 25.08.20ж. дейін Директор, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары
23 Педагогикалық жүктемені бөлу және түзету 25.08.20ж. дейін Директор, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары
Құжатпен жұмыс
24 Мектеп құжаттамасы: жаңа оқу жылына дайындық 24-31.08.20ж. Әкімшілік пен іс қағаздарын жүргізуші
25 Жаздағы оқушы қозғалысын талдау және есеп беру 24-31.08.20ж. Директордың ОТП жөніндегі орынбасары, іс қағаздарын жүргізуші
26 Тарифтеуге дайындық: педагогикалық жүктемені бөлу, штат кестесін жасау, тарифтек бойынша бұйрықтар 29-31.08.20ж Директор, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары, бухгалтер
27 Оқу жылының басталуын регламенттейтін бұйрықтар:
-оқушы құрамы бойынша:
-кадр бойынша:
-еңбекті қорғау бойынша:
-негізгі қызмет бойынша және т.б. 28-31.08.20ж Директор
28 9-шы және 11-ші сынып оқушыларының жұмыспен қамтылуы туралы алдын ала мәліметтер 28-31.08.20ж. Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері
29 Мектептің даму жоспарын түзету 28-31.08.20ж. Әкімшілік
Бақылау есебі
30 Кітапхана қорының жай-күйі: оқулықтардың болуы және жай күйі, оқушыларға оқулық беру 28.08.20ж. дейін Кітапханашы, сынып жетекшілері
31 Оқу кабинеттерінің дайынжығы, санитариялық жай-күйі, әдістемелік қамтамасыз ету 15.08.20.ж. дейін Директор, директордың ӘШБ және БО жөніндегі орынбасарлары
32 Сабақ кестесін жасау: кестеге қатысты ерекше қалауы бар мұғалімдермен әңгімелесу 31.08.20ж. дейін Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары
33 1-ші сыныпқа келген оқушыларды қабылдау және жеке істерін ресімдеу, бұйрық жасау және әліпбилік кітапқа жазу 31.08.20ж. дейін Директор мен іс қағаздарын жүргізуші
34 Оқу-әдістемелік қамтымды бақылыу Айдың соңғы аптасы Директор, БО жөніндегі орынбасары
35 Электрондық журналдың толтырылуын бақылау (оқушылар тізімі, кадрлар, жоспарлау) Қажетіне қарай Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары, үйлестіруші, сынып жетекшілері
36 Мектептің, факультативтер мен үйірмелердің жұмыс жоспарын жасау және бекіту
Әдістемелік жұмыс
37 Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік жиналысын өткізуге дайындық және т.б. Айдың соңғы аптасы Директордың БО жөніндегі орынбасары
38 Материалдық-т ехникалық базаның жаңа оқу жылына дайындығын тексеру 29.08.20ж. Директордың БО жөніндегі орынбасары, директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары, мұғалімдер, кабинет меңгерушісі
39 Нормативтік құқықтық базамен танысу Қажетіне қарай Директордың БО жөніндегі орынбасары
40 Инновациялық қызмет: оқу жоспарларына, бағдарламаларға енгізілетін өзгертулер бойынша мұғайлімдермен әңгімелесу және т.б. Айдың соңғы аптасы Директордың БО жөніндегі орынбасары

41 Нұсқаулық журналын ресімдеу арқылы еңбекті қорғау, өрт және электрлік қауіпсіздік бойынша кіріспе нұсқаулық 30.08.20ж. дейін Директор, директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары, ҚТ жауапты тұлға
42 Инженерлік жүйенің, сантехникалық жабдықтың , өрте қарсы жүйенің ақаусыз екенін бақылау 30.08.20ж. дейін Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары
Қаржы- шаруашылық қызмет
43 Статистикалық және бухгалтерлік есептіліктің жасақталуы мен өткізілуін бақылау Кесте бойынша Директор, бухгалтер
44 Оқу жылында мектептің қызметін шаруашылық тұрғыдан қамтамасыз етубойынша шарт жасалуын бақылау Қажетіне қарай Директор, бухгалтер
45 Шаруашылық қызмет бойынша шарттардың жарамдылық мерзімін тексеру 29.08.20ж. дейін Директор, бухгалтер, директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары
Тәрбие жұмысы
46 1- ші қыркүйекке дайындық Айдың соңғы аптасы Директор, директордың ТІ жөніндегі орынбасарлары
47 Бірінші сынып ата- аналарының жиналысы Кесте бойынша Директор, директордың ТІ жөніндегі орынбасарлары
48 Сынып сағатына дайындық ТІ жоспарына сәйкес Директор, директордың ТІ жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері













«БЕКІТЕМІН»
______________директоры
_________/_________
2020ж. «___» тамыз

2020ж. тамыз айындағы оқу-тәрбие жұмысының жоспары
№ Іс- шаралар Өткізу мерзімі Жауапты тұлға Бақылауды өткізу нысаны
1 2 3 4 5
1 ҚР заңнамасын сақтау және білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Бала құқығын қорғау. Әлеуметтік қорғалмаған топ балаларының мектепке баруға дайындығын бақылау Тамыз Әлеуметтік педагог Анықтама
2 9-шы сынып оқушыларының жұмыспен қамтылуын бақылау, анықтама жинау Ай бойы 9- шы сынып сынып жетекшілері, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Есеп
3 Сынып жинақтау Ай бойы Директор, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Сынып желісі
4 «Мектепке жол» республикалық акциясының аясында іс- шаралар өткізу Ай бойы Директордың ТІ жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог Есеп
5 Оқулықпен қамтамасыз етілуді бақылау Кесте бойынша Кітапханашы Анықтама
6 ҒӘЖ,ӘБ,ӘК,ПК, ОҒҚ жұмыс жоспарын бекіту 20.08.20ж. Директордың БО жөніндегі орынбасары
7 Оқу пәндері, элективті курс, факультативтер мен үйірмелер бойынша КТЖ дайындау 25-29.08.20ж. Директордың БО жөніндегі орынбасары Есеп
8 Оқу процесінің кадрмен қамтамасыз етілуін, педагогтар жүктемесінің көлемін бақылау
20-30.08.20ж. Директор, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары
9 Оқу кабинеттерін сертификаттау. Кабинеттердің оқу жылының басына дайындығы 25-28.08.20ж. Кәсіподақ төрағасы, директордың БО жөніндегі орынбасары, ӘБ жетекшілері Анықтама
10 «2019/2020 оқу жылындағы білім беру процесінің қорытындылары, мектептің жаңа оқу жылындағы даму келешегі» атты №1 педкеңес 29.08.20ж. Директор, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары, директордың БО жөніндегі орынбасары Хаттама
11 Аттестаттау комиссиясына өтініш қабылдау және ресімдеу Тамыз-06.09.20ж. Директордың БО жөніндегі орынбасары Анықтама
12 2020/2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту 25-29.08.20ж. Директордың БО және ОТІ жөніндегі орынбасары
13 Тарифтеуге дайындық 25-29.08.20ж. қарай Директор, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары , ӘБ жетекшілері
14 Алғашқы қоңырау және оқу жылының басталуына орай салтанатты жиын ұйымдастыру 01.09.20ж. қарай Сценарий
15 Бірінші сыныптың ата- аналарымен ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу 26.08.20ж. Директор, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері Хаттама





«БЕКІТЕМІН»
«______________»директоры
_________/_________
2020ж. «___» _______

2020/2021 оқу жылының тамыз айына арналған
мектепшілік бақылау
ЖОСПАРЫ
№ Бақылау мазмұны Бақылау мақсаты Бақылау түрі Бақылау объектілері Бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлға МІБ-ті қорытындылау
1 2 3 4 5 6 7
Тамыз
1. Жаппай оқуды бақылау
Сыныптың жинақталуын бақылау Мектеп жасына дейінгі балаларды орта білім алуға дейін еспке алуды ұйымдастыру қағидалары мен талаптарын сақтау Тақырыптық 1-ші сынып оқушыларының құжаттары. Сынып бойынша оқушылар тізімі. Келген- кеткен оқушы журналы Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Сыныптар желісі. 05.09.2020ж. бұйрық
2 9-шы сынып оқушыларының жұмыспен қамтылуын бақылау 9-шы сынып
бітірушілердің оқуын жалғастыруын бақылау Тақырыптық 9-шы сынып оқушыларының оқуын жалғастырғанын растайтын құжаттар Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары 9-шы сынып бітірушілер тізімі, оқу орны көрсетіледі
3 Оқулықпен қамтамасыз етілуді бақылау Оқушыларды оқу әдебиетімен қамтамасыз ету Тақырыптық Сынып бойынша оқулық беру ведомостері Кітапханашы, директордың ТІ жөніндегі орынбасары Оқулықпен қамтамасыз ету бойынша есеп беру
4 Әлеуметтік қамтылмаған отбасы балаларының мектепке баруға дайындығын бақылау Балалардың әлеуметтәк себептер бойынша мектепке бармауының алдын алу Тақырыптық, дербес Әлеуметтік қамтылмаған отбасынан, «тәуекел тобындағы» балалардың, қиын жағдайға тап болған жасөспірімдердің тізімі Әлеуметтік педагог «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы бойынша есеп
2. Ұжымның педагогикалық қызметі мен құжаттаманың жүргізілуін бақылау
1 Оқу жылының басталуын бақылау Білім саласындағы заңнаманы сақтау Жаппай Ағымдағы оқу жылындағы ӘНХ, ҚР БҒМ, ББ- ның оқу жылының басталуытуралы бұйрығы, білім саласындағы жоғары тұрған органдардың өзге құжаттары, мектептің жергілікті актілері Директор, директрдың ОТІ жөніндегі орынбасарлары, директордың ТІ жөніндегі орынбасарлары Мектептің жергілікті актілерін күшіне енгізу. Жұмыскерлердің жергілікті актімен танысу туралы қол қоюы
2 Тарифтеуге дайындықты бақылау Еңбек заңнамасының нормативтік талаптарының, білім саласындағы және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасының орындалуы Жаппай Тарифтеуге арналған құжаттар, оқу жоспары, пән, қолданбалы курс бағдарламалары, бақылау табелі Мектеп директоры, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Тарифтеу, тарифтеу бойынша бұйрықтар
3 Пән курстарының, факультативтердің, таңдау курстарының күнтізбелік- тақырыптық жоспарын бақылау КТЖ- ның МЖМБС курсына, ағымдағы оқу жылы бекітілген бағдарламаға, оқу жұмыс жоспарына сәйкестігі Жаппай МЖМБС, ОЖБ, бағдарламалар мен пән курстарының, факультативтердің, таңдау курстарының КТЖ Директордың БО жөніндегі орынбасары, ә/б жетекшілері КТЖ тексеру анықтамасы
3. Әдістемелік және әкімшілік-шаруашылық қызметті бақылау
1 ОТП талдау Мектептің 2019-2020 оқу жылындағы жұмысын талдау Тақырыптық Ақпарат жинау және өңдеу Директордың БО жөніндегі орынбасары 2020.29.08 №1
Педагогикалық кеңес.
Тақырыбы:
«_______»
КММ-нің
2019-2020 оқу жылындағы білім беру процесінің қорытындылары. Жаңа оқу жылында мектептің даму келешегі»
2 Әдістемелік жұмыстың жоспарлануын бақылау Әдістемелік жұмысты жоспарлау кезінде нормативтік құқықтық құжаттардың талаптарын (ұсынымдрын) сақтау Тақырыптық Ғылыми- әдістемелік жұмыс жоспары, ЖҰМ, ПТМ, ОҒҚ, ОТП педагогикалық сүйемелдеу жоспарлары Директордың БО жөніндегі орынбасары Әдістемелік қызметтің, ПҚК, ЖҰМ, ПТМ, ОҒҚ бекітілген жұмыс жоспарлары
3 Мектеп оқушыларының, жұмыскерлерінің еңбек жағдайының ұйымдастырылуын бақылау Оқу процесіне қатысушылардың қауіпсіз еңбек жағдайын сақтау Жаппай Жұмыс орнында ҚТ бойынша нұсқаулық өткізу. Мектептің санитариялық жай- күйі Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары, ҚТ-на жауапты тұлға ҚТ бойынша әңгімелесуді есепке алу журналы, кабинеттердің жаңа оқу жылына дайындық актілері. Кабинеттерді сертификаттау
4. Тәрбие жұмысын бақылау
1 Ерекше назар аударуды қажет ететін балалармен жұмыс қорытындысын бақылау(жаз кезінде) Ерекше назар аударуды талап ететін балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бйімдеу Дербес КТІБ еспте тұрған, «тәуекел тобындағы» бала тізімі, мектеп жасындағы балалардың қатысуымен орын алған оқиғалар туралы ақпарат Директордың ТІ жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, педагог- психолог Ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың жаңартылған тізімі (санаттар бойынша)

















































«БЕКІТЕМІН»
«______________»директоры
_________/_________
2020ж. «___» _______

Әлеуметтік- психологиялық қызметтің
2020/2021 оқу жылының тамыз айындағы
жұмыс жоспары

№ Іс- шара Мерзімі Жауапты
1 Балаларды 1-ші сыныпқа қабылдау бойынша психологиялық-педагогикалық комиссия құрамындағы жұмыс Тамыз Педагог- психолог
2 Әлеуметтік- психологиялық қызметтің бір жылдық жұмыс жоспарын жасау 20-21.08.20ж. Әлеуметтік педагог, педагог- психолог
3 Мектеп пен сыныптың әлеуметтік паспортын бекіту және жасау 20-23.08.20ж. Әлеуметтік педагог, директордың ТІ жөніндегі орынбасары
4 1-ші сынып оқушылары бейімсіздігінің алдын алу, ата- аналарға арналған материалдарды, диагностикаларды, ұсынымдарды дайындау Тамыз Педагог- психолог
5 Мектепте оқуға дайындық диагностикасы, бірінші сыныпқа арналған материалды дайындау Тамыз Педагог- психолог
6 Оқуы мен тәрбиесінде қиындықтары бар баласы бар ата- аналар мен мұғалімдерге кеңес беру Тамыз Әлеуметтік педагог, педагог- психолог
7 Педагог- психолог пен әлеуметтік педагогтің жұмыс жоспары мен ережесін жасау 15-18.08.20ж. Әлеуметтік педагог, педагог-психолог, директордың ТІ жөніндегі орынбасары
8 Оқу жылына қажетті дидактикалық метариал мен психологиялық құралды дайындау және әзірлеу Тамыз Педагог-психолог
9 Мектептің психологиялық-педагогикалық консилиуміне арналған материал:
- Психологиялық ұсынымдар әзірлеу;
- Сынып жетекшілеріне кеңес беру;
- Ата-аналарға кеңес беру;
- Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ұйғарым Тамыз Педагог-психолог, дефектолог, логопед, тьютор

































Инклюзивті оқытуды ұйымдастыру туралы

«Білім туралы» ҚР Заңының, Орта білім беру ұйымдары қызметінің үогілік қағидаларының ; «2020-2021 оқу жылы Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттың («Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін ұйымдарда оқу ерекшеліктері туралы» 12-бөлім) негізінде; білімге деген сұраныстары ерекше балаларға жалпы білім беру, олардың білім алуға деген құқығын іске асыру, олардың барынша дамуына, әлеуметтенуіне жағдай жасау және жан-жақты өолдау көрсету мақсатында; қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындыларына сәйкес және ата-аналардың тілегін ескере отырып,
БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына оқушыларды инклюзивті оқыту жүргізілсін:
1. ....................
2. .....................
3. ...................

2. Білімге деген сұраныстары ерекше оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдер оқу процесінде:
2.1. Мектептің оқу жоспарының инвариативтік компонентін қолдансын;
2.2. Жалпы білім беретін пәнер бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларын қажетіне қарай бейімдесін;
2.3. Сабақты білімге деген сұраныстары ерекше балаларды оқытудың жеке тәсілдерін қолдана отырып өткізсін.
3. Арнайы педагогтер (психолог, логопед, дефектолог, тьютор) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдарына сәйкес Оқу жоспарының вариативтік компонентін жеке жоспарлар мен психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламасының негізінде қолдансын.
4. Осы бұйрықтың орындалу барысын қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ............... жүктелсін.