«Мемлекеттік рәміздер туралы занының орындалу барысы» » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мемлекеттік рәміздер туралы занының орындалу барысы»
27
май
2017

«Мемлекеттік рәміздер туралы занының орындалу барысы»

Жоспары бойынша келесі іс-шара өткізілді:
ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты лездеме өтті. Тарих пәнінің мұғалімдері Г.Б.Садақбаеваның, Л.М.Двойнинаның, С.Б.Мурзагулованың ұйымдастыруымен өз деңгейінде, патриоттық рухта өтті. Барлық оқушылар әнұранды орындаған соң, «Ел рәміздері – Тәуелсіздік айғағы» атты құралған үгіт тобы рәміздерді құрметтеуге және қадірлеуге арнай өлең оқып, патриоттық әнімен рухты көтерді.
Сынып жетекшілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша жинақ папкалары бар. Бастауыш сынып оқущшыларына арнай суреттерімен түсіндіріп, ал жоғары сыныптарда слайд, бейнероликпен толтырылған.
1-11 сыныптардың сынып жетекшілері «Рәміздер – біздің мақтанышымыз» атты сынып сағаттарын өткізді. 9-11 сыныптарға тарих пәнінің мұғалімі І.А.Чубунтаева Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану және насихаттау жөнінде баяндама оқыды. Оқушылар дайындаған слайдтарды көрсетіп қорғады.
«Жас ұрпақ» оқушылар ұйымының мүшелері әр сыныпта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы сауалнама өткізді. Бұл сауалнама оқушыларымыздың қаншалықты өз рәміздерін танып білуі, құрметтеу деңгейін танытады.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруді іске асыру аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді терең тануға, құрметтеуге кітапханада Безус Нина Витальевна және Байгожанова Маржан «Мемлекеттік рәміздерге құрмет – елге құрмет» атты атты көрме ұйымдастырды.