«Тіл туралы» заңның орындалу барысы » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл туралы» заңның орындалу барысы
27
май
2017

«Тіл туралы» заңның орындалу барысы

Іс-шаралар сол жоспарға сай уақтылы өткізіліп отырылады. Қала көлемінде өткізуге жоспарланған іс-шаралардың да мерзімі, өтілетін орны белгіленген. Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шараларды өткізудегі басты мақсат – Қазақстан Республикасындағы тілдердің қолданылу аясын кеңейту және мемлекеттік тілге құрмет көрсету, кеңірек насихаттау. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді оқып, үйренуге деген ынтасын арттыру, жасөспірімдерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Мектебімізде қыркүйек айының 24-і мен 28-ы күндер аралығында Тілдер мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» атты іс-шаралар өткізілді. Бұл шараны өткізудегі басты мақсаты - тілдердің қолданылу аясын кеңейту, өзара ұлттар толеранттылығын сыйлауға және оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір – қасиетін дарыту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Бұл мерекенің бастауы ретінде үш тілде «Тілі жоғалса, халық та жоғалады» атты лездемемен ашылды.
«Тіл мергені» атты лингвистиклық ойыны өтті. Ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Г.Хамитжановамен А. Айдаболова. Мақсаты: қазақ тілінің сөз маржандарын терең түсінуге үйрету. Ойынға оқыту тілі орыс тілінде жүретін 8 «Б», «В» сыныптары қатысып, тіл біліміне қатысты білім деңгейлерін көрсете білді. Қорыта келгенде, І орын 8«Б», ІІ орын 8 «В» сыныптары иеленді.
5-10 сыныптар аралығында «Тілге құрмет- елге құрмет» атты шығармалар байқауы өтіп, үздік шығармаларға жүлде тағайындалды.
1-4 сыныптар аралығында «Тілім менің - тұтастығым, елдігім үйім менің...» атты сурет байқауы өтті. Іс- шараға бала қиялынан туындаған суреттер ілініп, үздік суреттер марапатталды.
5-10 сыныптар аралығында орыс тілі, ағылшын тілінде жазылған «Ең үздік диктант байқауы» өтті. Мақсаты оқушылардың орфографиялық сауаттылықтарын арттыру.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойыны түрінде өтіп «Тіл – ұлтың байлығы» тақырыбы негіз болып, оқушылардың тіл танымдық деңгейінің өсуіне себеп болды.
8-10 сыныптар аралығында «Қазақ баласының сөздік қоры неге жұтаң?» тақырыбында ток-шоу өтті. Қонақ ретінде қалалық ардагерлер алқасының мүшесі Гүлбаршин Жақыпқызы Бектурова, 10-сынып оқушылары А.Бектасова, Ұ.Бекмаханова, 11 сынып оқушылары А.Шаттық, А.Мұқашевалар қатысып ток-шоудың маңызын асыра білді. Ағабуын мен орта буын арасындағы түйінді мәселелер шешімін таба білді.
«Жасөспірім» жедел-алдын алу туралы
2016 жылы қарашаның 01-11 күндері аралығында Текелі қаласы аумағында республикалық «Жасөспірім» жедел –алдын алу іс-шарасы өтілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты-кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың алдын алу және профилактика,кәмелетке толмағандарға алклгольды ішімдіктерді,темекі өнімдерді сату,түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерсіз ойын-сауықта тыс жерлерде болуын анықтау т.б. бойынша өткізілген іс-шаралараға келетін болсақ,бұл онкүндік бойынша мектепішілік жоспар құрылып,іс-шаралар өткізілді. «Жасөспірім және заң» тақырыбында бүкіл сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
«Құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша әңгіме ,дөңгелек үстел өткізілді.Бұл дөңгелек үстелге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Баракова, мектеп психологтары Бектурғанова Д мен М.Иксанова,мектеп инспекторы А.Кашкенов т.б. және жоғарғы сынып оқушылар қатысты.
«Жасөспірім және көше» рейдтік іс –шаралар жүргізілді. Бұл іс-шараның мақсаты сабақтан себепсіз көп қалатын және тәртіп бұзатын оқушылардың үйіне бару. Кешкілік уақытта оқушылардың жүрмеуін қадағалау. Рейдта текелі қалалық білім бөлімінің бас мамандары Ғ.Жаңбырбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Баракова, мектеп инспекторы А.Кашкенов, педагог-ұймдастырушы А.Бексултанова, мектеп психологтары Д.Бектурганова мен М.Иксанова қатысты.
Қалалық ІІ бөлімінде, мектеп ішінде тіркеуде тұрған оқушылармен жұмыс, яғни сабақтан себепсіз қалмауын, тәртібін қадағалау, үйірме жұмыстарына тарту мақсатында әңгіме жүргізілді. Бұл оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізіліп жан-жақты қадағалануда.
Құқық бұзушылықты алдын алу кеңесінің жиналысы өткізу барысында
«Жасөспірім» жедел-алдын алу бойынша көптеген іс-шаралар өткізіліп, сабақтан көп себепсіз қалатын, тәртіп бұзатын оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Мектеп инспекторы полиция капитаны А.Кашкенов қиын балалармен сұхбат жасап әңгімелесті.
2016 жылы 19-20 желтоқсан аралығында Текелі қаласының ішкі істер бөлімінде «Ашық есік» атты акция аясында 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары экскурсия жасады.
2016 жылдың 10тамыз -20 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы жоспары бекітілген болатын. Сол жоспар бойынша №4 орта мектепте төмендегідей жұмыстар жасалынып, іс-шаралар өткізілді. «Қауіпсіз балалық шақ» атты акциясы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер «Кауіпсіз мектеп» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. «Қауіпсіз мектеп» акция барысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен оқушы, ата-аналар арасында жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Ата-ана, оқушыларға мектепте, үйде, есік алдында, лифтте, кіреберісте, суда, жолда, көліктегі қауіпсіздік ережелері туралы, сонымен қатар алғашқы көмек көрсетудің тәсілдері және шұғыл қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта оқушылардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторлары қызмет атқарады.
Мектебімізде «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында жоғарғы сыныптар арасында флешмоб ұйымдастырылылды.
«Қауіпсіз балалық шақ» ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп оқушыларының ата-аналары және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Баракова, мектеп психологтары Д.Бектурганова және М.Иксанова қатысты.
Орта буын оқушылар арасында «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында қабырға газеті байқауы және эссе жазу бойынша көптеген байқаулар өткізіліп жеңіске жеткен оқушылар және сынып мақтау қағазына ие болды.
Әсіресе, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану бастауыш сынып оқушылары арасында аса қажет болғандықтан, көптеген жағдаяттар балаларға сурет тілінде бейнеленді. Осы ретте біздің мектебімізде 3-4-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет байқауы өткізілген еді. Балалар мектеп пен үй арасындағы жолдар, ондағы қауіпсіздік белгілері туралы бейнелеп, өз білімдерін ортаға салды. Өйткені, осы шара барысында оқушылар қауіпсіздік туралы өз білімдерін жетілдіріп, жол қозғалысында абай болуды үйренеді.Қортындылай келе мектеп оқушылары «Қауіпсіз мектеп» акциясының не екендігін ұғынды. Өрт қауіпсіздігі,су қауіпсіздігнің және т.б. қауіпсіз не екенімен толығымен танысты.
«Жыныстық қатынас», «Насилие в доме», «Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних», «Телефоны доверия», «Сайт туралы», «Правила поведения при общении с незнакомыми людьми» лекция және полиция қызметкерлерімен Пак Маржан, Айбек Кашкенов. Текелі қаласының аға прокуроры Кусманова С.С. «Деятельность органов правовой статистики и специальных учетов и особенность службы в них» 9-11 сынып оқушыларымен әнгімелесу өткізді.