«Қауіпсіз мектеп» акциясы » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2017

«Қауіпсіз мектеп» акциясы

«Қауіпсіз мектеп» акциясы

 

«Қауіпсіз балалық шақ» атты акциясы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер «Кауіпсіз мектеп» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. «Қауіпсіз мектеп» акция барысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен оқушы, ата-аналар арасында жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Ата-ана, оқушыларға мектепте, үйде, есік алдында, лифтте, кіреберісте, суда, жолда, көліктегі қауіпсіздік ережелері туралы, сонымен қатар алғашқы көмек көрсетудің тәсілдері және шұғыл қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта оқушылардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторлары қызмет атқарады.
Мектебімізде «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында жоғарғы сыныптар арасында флешмоб ұйымдастырылылды.
«Қауіпсіз балалық шақ» ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп оқушыларының ата-аналары және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Баракова, мектеп психологтары Д.Бектурганова және М.Иксанова қатысты.
Орта буын оқушылар арасында «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында қабырға газеті байқауы және эссе жазу бойынша көптеген байқаулар өткізіліп жеңіске жеткен оқушылар және сынып мақтау қағазына ие болды.
Әсіресе, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану бастауыш сынып оқушылары арасында аса қажет болғандықтан, көптеген жағдаяттар балаларға сурет тілінде бейнеленді. Осы ретте біздің мектебімізде 3-4-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет байқауы өткізілген еді. Балалар мектеп пен үй арасындағы жолдар, ондағы қауіпсіздік белгілері туралы бейнелеп, өз білімдерін ортаға салды. Өйткені, осы шара барысында оқушылар қауіпсіздік туралы өз білімдерін жетілдіріп, жол қозғалысында абай болуды үйренеді.Қортындылай келе мектеп оқушылары «Қауіпсіз мектеп» акциясының не екендігін ұғынды. Өрт қауіпсіздігі,су қауіпсіздігнің және т.б. қауіпсіз не екенімен толығымен танысты.