Педагогтерді аттестаттау қағидаларына еңген өзгерістер бойынша мектеп ұжымына түсіндіру жұмысы туралы ақпарат » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтерді аттестаттау қағидаларына еңген өзгерістер бойынша мектеп ұжымына түсіндіру жұмысы туралы ақпарат
09
апрель
2024

Педагогтерді аттестаттау қағидаларына еңген өзгерістер бойынша мектеп ұжымына түсіндіру жұмысы туралы ақпарат


Педагогтардың кәсіби қызметі тұрақты шеберлігін жетілдіру және  құзыреттілік деңгейін арттыруын талап етеді. Осы міндетті шешуге ықпал ететін ең маңызды құралдардың бірі педагогтарды аттестаттау болып табылады. 

Қазіргі уақытта ағымдағы оқу жылының екінші жарты жылдығында  кезекті аттестаттаудан өтетін 38 педагогтың тізімі  жасақталған және бекітілген, оның ішінде ескі форматтағы саны-4.

Педагогтарды үздіксіз кәсіби дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 ж. №72 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілді.

Осыған орай, 2024 жылдың 10 сәүрінде мектептің  кезектен тыс әдістемелік кеңесінде педагогтерді аттестаттау барысында аталған бұйрық  басшылыққа алынып, педагогтер арасында түсіндірме жұмыстар жүргізілді. 

2024 жылдың 02 сәүірдегі  № 72 бұйрығына «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» № 1 қосымша талқыланып, жекелеген тармақтары толық қаралды.