#Qazaqstan30 #РУХАНИЖАҢҒЫРУ AlmaFest: Текелінің алмасы » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » #Qazaqstan30 #РУХАНИЖАҢҒЫРУ AlmaFest: Текелінің алмасы
25
октябрь
2021

#Qazaqstan30 #РУХАНИЖАҢҒЫРУ AlmaFest: Текелінің алмасы

Қазақ Елінің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Рухани жаңғыру" - "Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламасында "Қазақстан - алма мен қазғалдақтың отаны" деп айырықша атап көрсетеді.
Алманың арғы атасы - Сиверстің Жетісудың жемісі екенін біз мақтан етеміз. Ежелгі дәуірде Ұлы Жібек жолымен әлемге тараған алманың бұл түрінен бүгінде 40-қа жуық алма сорты будандастарылған. Сондай-ақ, оның 20-сы біздің елімізде ұластарылған деген дерек бар.
Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің Қазақстаным!» облыстық форумы аясында қаламыздағы №4 орта мектебінде "AlmaFest: Текелінің алмасы" атты фестиваль өтті.
Тағылымы мол шара облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бұлғақов Жандарбек Айтақынұлының, Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүр орталығының төрағасы Шыныбаев Серікбол Төлеутайұлы мен Сәуле Алханқызының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.
Ұлттық құндылықтарымызды ұрпағымыздың санасына сіңіріп дәріптеу мақсатында өткен мерекелік шарада оқушылардың арнайы әзірлеген көрмесі мен алмадан жасалған тәтті тағамдар және бүлдіршіндердің шығармашылық жұмыстары қонақтар назарына ұсынылып, алманың түрлері таныстырылды.
Шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы, "Қоғамдық келісім" директоры Жандарбек Бұлғақов арнайы бекеттердегі туындылар мен көрмелерді тамашалап, ұстаздар мен оқушылар еңбегіне зор алғыс білдірді. Шара соңы әдемі әнмен, керемет күймен, тағылымды жырмен жалғасты.

Мақала және суреттер @tekeliakimat парақшасынан