«Полицияның жас көмекшілері» » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2017

«Полицияның жас көмекшілері»

№4 орта мектебі бойынша «Полицияның жас көмекшілері» тобының мектепішілік жоспар құрылды. Жоспар бойынша көптеген іс-шаралар іске асуда. Атап айтатын болсақ, жылдың басында «Сақшы» тобы құрылды. Бұл топ жеті мүшеден тұрады.
Топ мүшелерімен 1-4 сынып оқушылардың арасында «Абайлаңыз, балалар» атты жолда жүру ережесімен таныстырылса, 5-7 сыныптардың арасында «Безопасное колесо» атты байқауы ұйымдастырылған. Оқушылар насихаттау үгітбригадасын және саптық байқауына белсенді қатысты.
Жоғары сынып оқушыларға «Өмірге ия деп, айт!» акциясы өткен болатын, сонда әр сынып топ құрып ФЛЕШМОБті көрсетті. Бұл іс-шара мектепішілік деңгейде өткізілді, өз мақсатына жетті. Жоғарғы сынып арасында «Зарница» ойыны өткізілген болатын.
Қазіргі таңда белең алып жатқан мәселелердің бірі «Жемқорлық». Соған қатысты «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты лездеме өткізілді.
Мектепішілік деңгейде үгітбригада насихаттау тобтары және жоғарғы сынып арасында КТК ойыны ұйымдастырылды. Өз еліне деген, Отанына деген оқушылардың сүйіспеншілігін ояту мақсатында, 5-7 сынып және 8-10 сынып аралығында «Мен, Қазақстан патриотымын!» атты ән, би байқауы өтті.
Текелі қалалық Ішкі Істер бөліміне экскурсия жасадық, камера, жұмыс машиналарды, мәжіліс залды көрдік.
Біздің топ мүшелері әр түрлі қалалық және облыстық спорттық жүлдегерлері. Мектебімізде «Денсаулық фестивалі», волейбол, баскетбол, шаңғы, гандбол, футбол және тағы басқа спорттық ойындары өткізілуде. Құқық айлығы аясында «Біз спортты қолдаймыз!» атты спорттық шара өткізілді.
«Сақшы» тобымыздың жұмысы жалғасуда.
«Полицияның жас көмекшілері»
«Полицияның жас көмекшілері»
«Полицияның жас көмекшілері»
«Полицияның жас көмекшілері»