«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына орай өткізілген іс-шаралар » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына орай өткізілген іс-шаралар
29
апрель
2017

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына орай өткізілген іс-шаралар

Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.
Бастауыш сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сондай-ақ, «Өткеннен бүгіннің ерекшелігі» атты 4 «А» сынып жетекшісі П.Бекмуратова оқушыларымен бірге үлкен дәрежеде тәрбие сағатын өткізген.
Қыркүйек айында жоғары сыныптарға «Тәуелсіздік жолы» тақырыбында дебат сайысы өтті. Осы сабақта Қазақ хандығын құрған Жәнібек және Керей хандарынан басталған тарихы арғы қарай Тәуелсіздікті бекітіп, «Мәңгілік ел» күндеріне дейін тақырыбын ашты. Дебат ойынына 9 сынып оқушылары екі топқа бөлініп, жоғары деңгейде өткізді, өз мақсатына жетті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінң 25 жылдығы аясында «100 нақты қадам. Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты Жастар форумы өткізілді. Осы мерекеге жас мамандар мен жоғары сынып оқушылары түрлі-түсті шарлармен, жлаушымен, ұран сөздерін ұстап белсенді қатысты.
Мектебімізде технология пәндерінің мұғалімдері балалар жасалған көрнектілер үйірме ұйымдастырды.
Кітапханада Безус Н. және Багожанова М. «Дорога к Независимости» атты көрме ұйымдастырды.
Еліміздің мерей тойына мектебімізде әр түрлі спорттық ойындар өткізілді. Волейболдан, шахмат турниры, футбол улдар және қыздар арасында, үстел теннисі, «Воркаут-стрит» гимнастикалық жарысы ұйымдастырылды. ХХVІІІ «Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017» бойынша «Денсаулық Фестивалі-2016» жоғары дәрежеде өткізілді.
Мәдениет үйінің алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында автошеру ұымдастырылды.
«Ұстазыңды Ұлықта!» акция шеңберінде 11 сынып оқушылары мерекелік бағдарламаны ұйымдастырды. Таңертенгісін «дарынды шәкірттер» аллеясымен әр мұғалімнің көңіл-күйін көтеріп, құрметпен қарсалды.