“Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат” » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат”
27
май
2017

“Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат”

№4 орта мектеп бойынша "Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат” атты тақырыпта көптеген іс-шаралар жоспарланып жоспар бойынша өткізіліп жатыр.Біздің мақсатымыз, ұйым өнер мен мәдениет, дін мен тіл, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға сай ұлт құндылықтарын кеңінен насихаттап, болашақ ұрпаққасалт дәстүрдің не екенін дәріптеу.
Атап айтсақ, мұнда бекітілген жылдық іс-жоспар бойынша мектепте сыныптан тыс тәрбие сағаттарында «Ардагерлерді ардақтайық», «Халықтың бірлігі – береке бастауы»,» Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат», «Ата – баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» тағы басқа да игі бастамалар қолға алынуда.Бас-тама жасөспірімдер санасына халқымыздың баға жетпес асыл қазыналарын қайта жаңғыртып, ұлылардан қалған ұлағатты сөздерді ұғындыру арқылы олардың бойына ізгі адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруды мақсат еткен. Іс-шараның мақсаты келер ұрпаққа салт-дәстүрдің не екенін үйрету.
Салт –дәстүрді,әдет ғұрыпты сақтау,қазақтың салт-дәстүріне не жататынын түсіндірілді. Халқымызда: «Қарты бар ел – қазыналы», «Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады» деген қанатты сөздер бар. Қаймағы бұзылмаған қазақы ғұрып тұрғысынан қарар болсақ, ата-әженің қоғамдағы рөлі өлшеусіз. Олар – ауылдың ұйытқысы, отбасы мен ошақ-қасының берекесі. Жүгенсіз кеткен жастарды жөнге салып, ыдыс-аяғы сылдырлаған шаңырақты қайта түзеуші, ренжіскен ағайынды татуластырып, ел-жұрттың бүтіндігін сақтаушы. Ата-әже – ұрпақ тәрбиешісі ғана емес, отбасындағы бар¬лық берекелі істің бастауы, жақсылықтың ұйытқысы бо¬лып табылады. Тәрбие ісіне үлкен кісілер араласқан жерде түсініспеушілік деген орын алмайды. Қариялар – ұлттың ұлт болып қалыптасуына, салт-дәстүрдің сақталуына, жас ұрпақтың дұрыс бағыт-бағдар мен тәлім-тәрбие алуына, дін мен ділдің, тілдің, басқа да асыл құндылықтарымыздың сақталуына, елдің бірлік пен ынтымақта өмір сүруіне бір¬ден-бір себепкер екені даусыз.
Тәрбиені қашанда құнды байлыққа балаған халқымыз бала тәрбиесіне ешқашан жүр¬дім-бардым қарамаған. Ал оған ұлттық сипат беру – ұлт бо¬ла¬шағын ойлаудан туған да¬на¬лық. Сондықтан да «Ұлт бола¬мын десең, бесігіңді түзе», – деген еді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов.
Ұлттық тәрбие – қазір елі¬мізде орын алып отырған көп¬теген мәселелердің, демек, ана тілін, ата тарихын, салт-дәс¬түрін білмейтін жеткіншектер тастанды жетім балалар, қиын мінезді жасөспірмдер, қарттар үйлеріндегі аталар мен әжелер, нашақорлыққа салынған жас-тар, тағы басқаларды бірте-бір¬те жоюдың және олардың ал¬дын алып, болдырмаудың не¬гіз¬¬гі жолы. Ұлттық тәрбие ал¬ған ұрпақ дені сау, білімді, ақы묬ды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өсе¬ді.
Бүгінгі отбасындағы бала тәрбиесіне келер болсақ, уа¬қыттың ағымына орай үлкен өзгеріске ұшырап жатқаны жасырын емес. Бала ата-ана¬дан гөрі теледидар мен ғалам¬тор тәрбиесін көбірек алып жа¬тыр десек болады. Сонда біз болашақ ұрпағымызды тәр¬бие¬лерде нендей бағыт ұстауымыз қажет деген ой көкейге ұя¬лай¬ды. Осы жолда бұрынғы дана Абайды тәрбиелеген Зере әже, Шоқанға тәлім берген Ай¬ға¬ным ананың тәрбиесін үлгі-өне¬ге етуге болады. Яғни, біз бବлаға ертегі айта отырып, жыр¬¬ларды жаттатқызып, салт-дәс¬түрімізді бойына сіңіртіп өсір¬сек, тәрбие дұрыс жолға не¬гізделері анық. Осы тұрғыда Бауыржан Момышұлы: «Бірін¬шіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жат¬қанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшін¬шіден, дәстүрді сыйла¬май¬тын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын», – деп айтқан болатын.
Тәрбиеде орын алып жат¬қан осындай кемшіліктердің орнын толтыру, қоғамдағы, отбасындағы ата-әже тәлімінің маңызын арттыру, ұлттық салт-дәстүрімізді жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында об¬лы-сымызда 2008 жылдан бас¬тап «Ата-баба дәстүрі – ұр¬пақ¬қа аманат» атты арнайы бағ¬дар¬лама жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама облыс әкімінің қолдауы, облыстық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен білім шаңы¬рақ¬та¬рын¬да сәтті қамтылып келеді. Оған Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі белсене ат¬са¬лысып, өнер мен мәдениет, дін мен тіл, салт-дәстүр, әдет-ғұ¬рыптарға сай ұлттық құн¬ды-лықтарды кеңінен наси¬хат¬тап, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосуда.
Өткен оқу жылы барысын¬да өткен тәрбиелік шаралар, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді дәріптеу арқылы жастардың рухани жан дүние¬сін байыту, оларды отан¬сүй¬гіштікке, қазақстандық пат¬рио-тизмге, «Мәңгілік Ел» идеясы ру¬хында тәлім беруге негіз¬делді. Жасөспірімдерді жаман әдет-қылықтан аластату, са¬лауат¬тылыққа, отбасы құн¬ды¬лықтарын, дәстүрін сақтауға бағыттай отырып, тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді. Осын¬дай үлкен, берер ғибраты мол, маңызы зор ауқымды шара¬ларға қала ардагерлері, ұла¬ғат¬ты ұстаздар, үлгілі отбасылар, денсаулық сақтау, құқық қор¬ғау, спорт, діни басқарма өкіл¬дері мен белгілі қоғам қай¬рат¬керлері шақырылып, мек¬теп оқушылары алдында ашық әңгімелер өткізді.

“Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат”

 

“Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат”