.«№4 орта мектеп» КММ білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне дайындық туралы ақпарат » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » .«№4 орта мектеп» КММ білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне дайындық туралы ақпарат
08
ноябрь
2023

.«№4 орта мектеп» КММ білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне дайындық туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы 8 қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне (бұдан әрі – ББЖМ) дайындық жүргізу мақсатында «№4 орта мектепте мектепішілік жұмыс жоспары құрылып, сол жоспар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әр пән мұғалімі Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының жіберген ББЖМ –ге арналған әр пән бойынша тест спецификациясымен таныстырылды. 4 сыныптағы – 127 оқушы, 9 сыныптағы – 88 оқушы оқу жылының басынан бері бірінші рет, облыстық тест онлайн мектеп сайты арқылы, екінші рет testter.kz сайты арқылы екі рет байқау сынағына отырғызылды. Ал жекелеген пәндер бойынша сабақтан тыс уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде.