2022-2023 оқу жылында жұмысқа қабылданған жас мамандар және тәлімгерлікті ұйымдастыру туралы ақпарат » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылында жұмысқа қабылданған жас мамандар және тәлімгерлікті ұйымдастыру туралы ақпарат
01
февраль
2023

2022-2023 оқу жылында жұмысқа қабылданған жас мамандар және тәлімгерлікті ұйымдастыру туралы ақпарат

2022-2023 оқу жылында жұмысқа қабылданған жас мамандар және тәлімгерлікті ұйымдастыру туралы ақпарат


 Мектепте жас мамандармен  жұмыс тікелей қолға алынып, олардың кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдай жасалған .

2022-2023 оқу жылында  жұмысқа қабылданған жас мамандар саны-4, барлығы жоғары білімді, оның ішінде математика пәнінің мұғалімі-2, педагог-психолог-2.

Педагогикалық қызметін алғаш бастаған жас мамандардың табысты бейімделу, кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуында  кәсиби көмек беру мақсатында 2022 жылғы 1 қыркуйектегі №321 бұйрығымен  «Жас маман мектебі» жұмысың жалғастырды. 

"Жас мұғалімдер мектебі" жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі:

-сабақты дұрыс   жоспарлауға  және өткізуге көмек беру;

-тәрбие жұмысын   дұрыс жоспарлау және ұйымдастыру;

-мектеп құжаттамасымен   таныстыру және моны дұрыс жүргізуіне үйрету;

-жас мамандардың қызметін бақылау;

-жас мамандарға кәсиби көмек беру үшін   мектеп әкімшілігімен,психологтармен,  тәлімгерлермен коучинг, семинар өткізу.

"Жас мұғалімдер мектебінің" отырыстары жас  мамандардың тұындаған қиындықтарын ескере отырып өтті. Жас мамандармен жұмыс істеудің әртүрлі формалары мамандыққа танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал және кәсіби қызметің жетілдіруге әсер етті.

Отырыстар барысында оқытудың теориялық және практикалық мәселелері қарастырылады.  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 160 бұйрығы негізінде   жас мұғалімдердің педагогикалық қызметіне сәтті бейімделуі үшін әдістемелік және кәсіби көмек көрсету мақсатында, 2022 жылдың 1 қыркуйектегі № 313 бұйрығымен төмендегі тәлімгерлер бекітілді:


Жас маманның аты-жөні


Мамандығы

Өтілі

Тәлімгердің аты-жөні

Пәні

Тәлімгердің біліктілік санаты

1

Әсемхан Ұлан

Математика пәнінің мұғалімі

0ж.

Жаманкулова Света Серикбаевна

Физика 

Педагог-зерттеуші

2

Сейтхалиева Ардақ Сабитқызы

Математика пәнінің мұғалімі

0ж.

Утепова Гульмира Турсынхановна

Қазақ  тілі мен әдебиеті

Педагог-зерттеуші

3

Есказиева Асем Калдибековна

Педагог-психолог

0ж.

Хамитжанова Гульжанат Далеловна

Қазақ  тілі мен әдебиеті

Педагог-зерттеуші

4

Меңғали Айгерім Мұқтарқызы

Педагог-психолог

0ж.

Мурзагулова Сауле Байгалиевна

Тарих, құқықтану негіздері  пәнінің мұғалімі

Педагог-зерттеуші


Тәлімгерлікті тәжірибелі, педагог-зерттеуші біліктілік санатты мұғалімдер жүзеге асыруда.

Тәлімгерлер  жас мамандарды оқу-нормативтік, мектеп құжаттарымен таныстырады, сабақтар мен күнтізбелік жоспарларды бірлесіп жоспарлайды. Сынып жетекшілік жұмысының тәжірибесімен бөліседі,өзіндік білім алу бойынша жоспарланған жұмысты жүзеге асыру бойынша көмек көрсетуде.

Сабақты жоспарлауда және дұрыс өткізудегі қиындықтарымен жас мұғалімдер тәлімгермен бөлісіп, олардың шешу жолдарын бірге табады.






№4 ОМ директорының әдістемелік жұмысы жөніндеі орынбасары                Л.Байбалиева