2023-2024 оқу жылында №4 ОМ бойынша педагогтарды жұмысқа қабылдау кезінде заңдылықты сақтау туралы ақпарат » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылында №4 ОМ бойынша педагогтарды жұмысқа қабылдау кезінде заңдылықты сақтау туралы ақпарат
28
август
2023

2023-2024 оқу жылында №4 ОМ бойынша педагогтарды жұмысқа қабылдау кезінде заңдылықты сақтау туралы ақпарат

2023-2024 оқу жылында Текелі қаласының №4 орта мектебінде  мұғалімдерді  жұмысқа қабылдау педагогтың бос лауазымына конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылды. Конкурс өткізу рәсімі нормативтік талаптарға сай жүргізілді.

Байқауды  ұйымдастыру үшін 2023 жылғы 15 тамыздағы №216  мектеп бұйрығымен төмендегі  құрамда байқау комиссиясы  бекітілді:

Л.Байбалиева-мектеп директорының әдістемелік жұмысы  жөніндегі орынбасары;  

Б.Сарсенбаева –Текелі қаласының білім бөлімінің  әдіскері;

Б. Кабиева – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

П.Бекмуратова- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

А.Рахимбердина –кәсіподақ комитетінің төрағасы;

Г.Хамитжанова - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;  

Н.Андасбаева- мектеп қамқоршылық кеңесінің төрағасы

Жұмысқа қабылдау рәсімін жүзеге асыру кезінде келесі заңнамалар басшылыққа алынды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату туралы» №57  бұйрығына 2022 жылғы 22 желтоқсандағы  Оқу-ағарту  министрлігін    № 513 бұйрығымен еңгізілген  жаңа қағидалары және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы.

Конкурс өткізу туралы хабарлама телефон және электрондық пошта арқылы жүзеге асырылды.

     Конкурстық комиссияның хатшысы бақылаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша байқаушыға арналған жадынамамен таныстырылды.

Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайдалар болған жоқ.

 Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізді.

Отырыс барысында педагог үміткерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттары қаралды, аудио және бейнежазбамен сүймеленді. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделді. 

Конкурс қорытындысы бойынша бос лауазымдарға 7 педагог жұмысқа қабылданұға ұсынылды, оның ішінде 5-і педагогикалық қызметін алғаш бастаған жоғары оқу орындарының түлектері:

1. Тумарбаева Әсел Нариманқызы- ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі

2. Сарсенбаева Меруерт Канатовна- ағылшын тілі пәнінің   мұғалімі

3. Есенгельдинова   Айдана Асқарқызы-  ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі

4. Шайарыстан Елдар  Асқарұлы- математика пәнінің мұғалімі

5. Тұрарбек Мұратбек- математика пәнінің мұғалімі

6. Несіпберген Назым Ғалымқызы- химия   пәнінің мұғалімі

7. Ибраева Альфия Бауржанқызы- математика пәнінің мұғалімі

2023 жылғы 28 тамызда  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тарих пәнінің мұғалімі бос лауазымдарының жабылмауына байланысты конкурстық комиссияның қайта отырысы өткізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша бос лауазымдарға 3 педагог жұмысқа қабылданұға ұсынылды, оның ішінде 1-і педагогикалық қызметін алғаш бастаған жоғары оқу орындарының түлегі:

1. Сембек Сырым Абзалұлы- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

2. Чукубасова Гаухар Курмангалиевна- тарих пәнінің мұғалімі.

3.Джаламбетова Нуршат  Жұмағалиқызы- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

           


Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен   көпшілік дауыспен қабылданды. Біліктілік талаптарына сәйкестікке кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептеуді жүзеге асырды.

           Есептеу кезінде С.Сембек пен   Н.Джаламбетованың  ұпайларының тең болғаны балл саны анықталғандықтан, №533 бұйрықтың 3-тарауы, 27-тармағына сәйкес конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдады. Оның нәтижелері бойынша тағайындауға үміткер анықталды (Сембек С.А.). Осыған байланысты Н. Джаламбетованың кандидатурасын резервте қалдыру туралы шешім қабылданды.  

Конкурс өткізу арқылы 10 педагог қажеттілігі бар бос лауазымдарға  мектеп директорына жұмысқа қабылдану  үшін ұсынылды.

           Осылайша, 2023-2024 оқу жылында  №4 орта мектеп бойынша педагогтарды жұмысқа қабылдау кезінде заңдылық сақталды.








  

№4  орта мектеп директорының 

әдістемелік жұмысы  жөніндегі орынбасары                                       Л.Байбалиева