Бейімбет Майлиннің туғанына – 130 жыл
№4 орта мектеп кітапханасында Бейімбет Майлиннің туғанына – 130 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығармаларына шолу жасалды және пирамида ойыны жүргізілді. Мақсаты: Көрнекті Алаш, қазақ әдебиетінің тұлпары, жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің өмір жолы туралы әңгімелеу, оқушыларды шығармаларымен таныстыру, осы шығармаларды оқи отырып, өз елінің патриоты болуға үйрету, батылдыққа, өз елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.