«Ерлік ұрпаққа мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
№4 орта мектеп кітапханасында 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Ерлік ұрпаққа мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Мақсаты: Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, ер жүректілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.