Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыру » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыру
13
январь
2026

Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыру

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы негізінде тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы қаулысы негізінде  мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарап шешім қабылданды.

2025-2026 оқу жылының қаңтар айынан мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыру кестесі және оқушылардың тізімі жаңартылып, жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. 

 1-4 сынып 494 оқушы және 5-11 сынып оқушылары жалпыға білім беру қоры есебінен 214 оқушы тегін тамақпен қамтылды.

Оның ішінде 

·1-4 сыныптан 158 оқушы

·5-9 сыныптан 194 оқушы 

·10-11 сыныптан 20 оқушы

Ыстық тамақты ұйымдастыру аясында мектепте жұмыстар жүргізілуі жалғасуда. Асхана тамақтану кестесі бекітілді. Асхана жұмысына айына 4 рет бақылау актілері толтырылады. Күнделікті асхананың тазалығы, тағам шығымы, мәзірге сәйкестігі және тамақтану кестесінің орындалуы тұрақты бақылауда ұсталды.

Оқушылардың уақытылы тамақтануын,  режимдік сәттер сақталуын бақылау әлеуметтік педагог және сынып жетекшілерге жүктеліп, бақыланып отырады. Тамақ өнімдерінің сақталуын қамтамасыз етілуін  қадағау мақсатында  комиссия мүшелері құрылып бақылауға алынып отыр. Комиссия мүшелері тарапынан жалпы асхананы  зерделеу  аптасына бір рет жүзеге асырылады. Ыдыстарды дұрыс дезинфекциялау тәртібі сақталған. 


Әлеуметтік педагог: Манархан Мақпал