31
май
2017
«№4 ОМ МДШО» КММ-нің әдістемелік жұмыс жүйесі
Мектебіміздің әдістемелік жұмысының мақсаты – біліктілікті көтеруге жағдай жасау, мектептің педагог кадрларының әлеуетін көтеру, мұғалімді кәсіптік қызмет нысаны ретінде әлеуметтік өмірге дайындау.
2016-2017 оқу жылында педагогикалық ұжым: «Білім мазмұнын жаңарту аясында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде қазақстандық зерделі тұлға қалыптастыру» тақырыбында жұмысын жалғастырды.
Мектептің әдістемелік және инновациялық жұмысының үйлестірушісі Әдістемелік Кеңес болып табылады, оның мақсаты : мұғалімдер шығармашылығын және білім әлеуетін үздіксіз дамытуға жағдай туғызу. Әдістемелік кеңестің бағыттары:
-ӘК-тің және ӘБ отырыстары;
-өз білімін жетілдіру бағытында мұғалімдердің жұмыс істеуі;
-пән апталықтары
-шығармашыл топ жұмысы;
-«дөңгелек үстел, семинарлар өткізу;
-мектепішілік аттестациялық комиссия жұмысы;
-«Жас маман мектебінің» жұмысы, тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру;
- оқушылардың ғылыми «Галактика» қоғамының жұмысы;
- мұғалімдердің курстық дайындықтары;
- кәсіби байқауларға қатысу;
-тәжірибе тарату
Мектепте 9 әдістемелік бірлестік жұмыс істеуде. Олардың аясында ашық сабақтар, пән бойынша сыныптан тыс іс-шаралар, пән апталықтары, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Мектепте мұғалімдерді аттестациялауға қажетті жағдай туғызылған: басқару құжаттары шығарылған, әр аттестатталушымен кеңес өткізіледі.
Мектептің педагог қызметкерлерінің аттестатталуы Білім және ғылым министрлігінің «Педагог қызметкерлерді аттестациялау ережесінің» 13.04.2016 ж. № 272 бұйрығына және өз өтініштерінің негізіне сәйкес өткізіледі.Эксперттік топ, мұғалімдерді аттестациялаудың даму жоспары, аттестаттау кестесі құрылған.
Педагог кадрларды аттестациялаудың нормативті құжаттары бар. Аттестацияланатын мұғалімдердіңсәйкестік категорияларының деректер банкі құрылған. Ашық сабақтар мерзімі құрылған. Біліктілік куәлігін берудің тіркеу журналы, ІІ санатқа өтініштер қабылдау журналы жүргізіледі. Мектепішілік аттестациялық комиссия жұмысы өз мерзімінде жүргізіледі, хаттамалары бар. Мұғалімдерді кәсіби дамуға ынталандыру, педагогикалық шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыру курстық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Курстан өтудің даму кестесі құрылған, ол қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен келісілген. Мектепте 26 сертификатталған мұғалім жұмыс істейді, 23 мұғалім білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша курстан өткен. Жаз мерзімінде білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша курстан тағы да 15 мұғалімнің өтуі жоспарлануда.
Жас және жаңадан келген мұғалімдерге әдістемелік және психологиялық көмек көрсету мақсатында ЖММ ұйымдастырылған. Тәлімгерлік жұмыс жолға қойылған. Жас мамандармен жұмыс істеу формасы алуан түрлі. Олар : семинарларға қатысу, сабаққа қатысу, бірлескен сараптамалары, жеке кеңестер, ЖММ шеңберіндегі жұмыстар.
Мұғалімдердің тәжірибе таратуы коучингтер мен семинарлар, педоқуларға қатысу, қала, облыс, республика көлеміндегі конференцияларға арналған басылымдар арқылы жүзеге асырылады.
Жыл бойы төмендегідей семинарлар, «дөңгелек үстелдер», коучингтер өткізілді:
- «Жас маманға қөмек-заман талабы» (семинар );
- «Особенности работы с одаренными детьми»;
- «Критериалды бағалау- табысты оқыту кепілі» (коучинг);
- «Сыни тұрғысынан ойлау.Ой өзгермей, адам өзгермейді» (коучинг);
- «Критериалды бағалау аясында білім беру мазмұның жаңарту жүйесі» (облыстық семинар)
- «Психологические пути взаимодейстаия учителя и ученика» («дөңгелек үстел»
- «Диалогтік оқыту барысында тіл компетенциясың іске асыру» (семинар)
Барлық материалдар жинақталып, жүйеленген. Қыркүйек пен мамыр айы аралығанда қалалық, аймақтық, облыстық семинарларға 11 мұғалім қатысты.
2016 жылы 5 мұғалім облыстық «Өрлеу» БАҰО АҚ ұйымдастырған педагогикалық оқулардың жеңімпаздары атанды:
-Дорводхан А, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - І орын
-Дыбова и.И., биология пәнінің мұғалімі – ІІІ
-Рахимбердина А.О.- бастауыш сынып мұғалімі ІІІ орын
Булекбаева А.О., Бегимбетова Ә.З.бастауыш сынып мұғалімдері – Алғыс хат. Дорводхан А. -2016 жылғы республикалық педоқулардың аталым иегері атанды.Қала деңгейінде математика пәнінің мұғалімі Бегимбаева З.О. мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дінбай С.Н. тәжірибелері таратылды.Жыл бойы 26 мұғалім өздерінің баспа материалдарын жариялады.
Жыл сайын мектеп педагогтары кәсіби байқаулар жүлдегерлері атанып келеді.
Мектепте дарынды және қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыс жүйеге келтірілген. «Галактика» ОҒҚ жұмыс істейді, оның құрамында 3 секция бар.ОҒҚ құрамында мектептің дарынды оқушылары, олар ӘБ жетекшілеріне, мұғалімдерге, мектепішілік олимпиадаға, ғылыми байқауларға дайындалуға көмек көрсетеді. Жыл сайын мектеп оқушылары қалалық, облыстық олимпиадалар, «Дарын», «Зерде» ғылыми байқауларының, «Русский медвежонок», « Ақ бота», «Кенгуру- математика для всех», «Кенгуру-лингвист», «Адам және табиғат», «Пони», «Үркер» интеллектуалдық байқауларының жеңімпаздары атанып келеді.
Осылайша, мектепте әдістемелік жұмыс жүйеленген. Педагогикалық ұжым мүшелері арасында бірлескен атмосфера қалыптасқан. 2014 жылы мектеп мемлекеттік аттестациядан табысты өтті. Мұғалімдер мен оқушылар жетістіктері қалалық, облыстық білім жүйесінде өз орнын тауып келеді. Мектептің жүйеленген әдістемелік жұмысы - педагогикалық ұжымның жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында білім сапасын көтеру мақсатында табысты жұмыс істейтіндігін көрсетіп келеді.

Мектептің әдістемелік жұмысын басқару құрылымы