«Жасөспірім» жедел –алдын алу іс-шарасы » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2017

«Жасөспірім» жедел –алдын алу іс-шарасы

Іс-шараның негізгі мақсаты-кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың алдын алу және профилактика,кәмелетке толмағандарға алклгольды ішімдіктерді,темекі өнімдерді сату,түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерсіз ойын-сауықта тыс жерлерде болуын анықтау т.б. бойынша өткізілген іс-шаралараға келетін болсақ,бұл онкүндік бойынша мектепішілік жоспар құрылып,іс-шаралар өткізілді. «Жасөспірім және заң» тақырыбында бүкіл сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.

«Құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша әңгіме ,дөңгелек үстел өткізілді.Бұл дөңгелек үстелге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Баракова, мектеп психологтары Бектурғанова Д мен М.Иксанова,мектеп инспекторы А.Кашкенов т.б. және жоғарғы сынып оқушылар қатысты.

«Жасөспірім және көше» рейдтік іс –шаралар жүргізілді. Бұл іс-шараның мақсаты сабақтан себепсіз көп қалатын және тәртіп бұзатын оқушылардың үйіне бару. Кешкілік уақытта оқушылардың жүрмеуін қадағалау. Рейдта текелі қалалық білім бөлімінің бас мамандары Ғ.Жаңбырбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Баракова, мектеп инспекторы А.Кашкенов, педагог-ұймдастырушы А.Бексултанова, мектеп психологтары Д.Бектурганова мен М.Иксанова қатысты.

Қалалық ІІ бөлімінде, мектеп ішінде тіркеуде тұрған оқушылармен жұмыс, яғни сабақтан себепсіз қалмауын, тәртібін қадағалау, үйірме жұмыстарына тарту мақсатында әңгіме жүргізілді. Бұл оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізіліп жан-жақты қадағалануда.

«Жасөспірім» жедел-алдын алу бойынша көптеген іс-шаралар өткізіліп, сабақтан көп себепсіз қалатын, тәртіп бұзатын оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Мектеп инспекторы полиция капитаны А.Кашкенов қиын балалармен сұхбат жасап әңгімелесті.