17
февраль
2026
Химия, биология және география пәндер ӘБ апталығы туралы
2026 жылдың 12-16 қаңтар күндері аралығында мектебімізде химия, биология, география пәндер бірлестігінің апталығы өтті. Мақсаты:оқудағы заманауи тәсілдер арқылы оқушылардың химия, биология және география сабақтарына мотивациясын қалыптастыру, жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыру; мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жалпылау.Апта барысында оқушылардың зерттеу дағдылары мен экологиялық ойлауын дамытуға, жаратылыстану ғылымдарына танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған сабақтар өткізілді, ЖИ ресурстары қолданылды.Мұғалімдер және мектеп әкімшілігі тарапынан сабақтарға өзара қатысу, бақылау жүргізілді.



