№ 4 орта мектептің 2024 жылғы жетістіктері туралы ақпарат
Оқушыларға сапалы білім және саналы тәрбие беру мақсатында Жетісу облысы Текелі қаласының № 4 орта мектебінде толымды істер атқарылуда.
Мектептің миссиясы әрбір оқушының қабілеттерін дамыту және олардың әлеуметтік сын-қатерлерге тұрақтылығын қалыптастыруға бағытталған. Осы бағытта мектепте кедергісіз орта құрылып, инклюзивті білім алуға жағдай жасалған. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделін енгізіп іске асыру үшін, мектепте 3 педагог-ассистент жұмысын атқаруда.
Әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен отбасындағы оқушыларға қосымша сабақтар жүргізуді ұйымдастыру үшін мектепте "Цифрлық ұстаз" жобасы іске қосылды. Осылайша, оқушылар электронды платформалар мен цифрлық білім беру ресурстарына қолжеткізді.
Рухани байлықты, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында зор тәрбие жұмысы атқарылуда. Соның дәлелі ретінде, биылғы жылы оқушыларымыз «Адал ұрпақ» жоба аясында өткізілген облыстық байқауында ІІ орынға ие болды.
Қазіргі уақытта мектепте біліктілік санатты педагогтердің үлесі 83 % құрайды. Жалпы 100 педагогтің санынан 2 шебер педагог, 29 педагог-зерттеуші, 20 педагог-сарапшы, 32 педагог-модератор жұмысын атқаруда.
Мұғалімдердің жоғары сапалы құрамы білім сапасының өсу динамикасына ықпал етуде, ол биыл 66,7% -ды құрайды.
Педагогтердің нәтижелі және үйлесімді жұмысының арқасында мектеп жылда жоғары жетістіктерге жете келеді.
2024 жыл да жетістікке толы болды. Республикалық, облыстық, қалалық олимпиадаларда, ғылыми-зерттеу, шығармашылық, спорттық жарыстарда, байқауларда оқушыларымыз біліктілігін көрсетіп, таланттары мен дарындылықтарын аша білді.
Атап айтқанда, республикалық Ілияс оқуларында оқушымыз Жаркимбаева Айғаным ІІІ орынға ие болды. Республикалық «Жарқын болашақ» казақ тілінен олимпиадасында 11 сынып оқушысы Тохтахунова Реалина ІІ орын иегері атанып, Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы университетіне мемлекеттік грант ұтып алды.
2024 жылдың басында 9-11 сынып оқушыларына арналған облыстық пәндік олимпиадасына қатысқан әр оқушы Әлімбекқызы Ақерке, Жумагулова Айдана, Жаналиева Аиша, Елюбай Әдемай, Хакимова Жанелия жүлделі оралды.
2025 жылдың қаңтар айында өтетін осы олимпиаданың облыстық кезеңіне 9-11 сыныптан 6 оқушы жолдама алды.
Облыстық 5-6, 7-8 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиадада оқушыларымыз Русланқызы Жанель, Ерназар Динислам, Турдибеков Сардарбек, Темирова Гаухар, Жаңабекқызы Аяулым жүлделі орынды болды.
2024 жылдың сәіур айында 5-8 сынып оқушылары арасында өткен «Жыланды ореn» математикалық олимпиадасында Турдибеков Сардарбек ІІІ орынды иеленді.
Облыстық «Biotomiya» биология пәнінен олимпиадасында Манап Арай ІІІ орын алды, «ProEko» экологиялық жобалар конкурсында Құрманғали Қаракат Алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ, «Дарын», «Зерде» зерттеу жобалар конкурстарында жүлделі орынға ие болған оқушылардың саны артып келеді.
Биылғы жылы облыстық «Дарын» конкурсының жеңімпаздары Жұмақан Қамшат,Турдибеков Сардарбек, Сәрсенбай Жанель, Ебекен Райымбек тесттілеуден өтіп, республикалық кезеңіне жолдама алды.
Облыстық «Зерде» зерттеу жобалар конкурсына қатысқан Ебекен Інжу, Сұлтанұлы Жүсіп, Аман Баян, Туленгит Кәусар ІІІ жүлделі орынға ие болды.
Қазақ тілі пәнінен «Ақберен» олимпиадасының облыстық кезеңінде Надирхан Аяулым ІІ орынды иеленді.
Облыстық әскери-патриоттық ойында кадет сыныбының оқушыларынан құралған команда ІІ орынға ие болды.
8-9 сынып оқушыларынан құралған команда облыстық футбол чемпионатында І орын алды.
Осындай дарынды шәкірттерге білімдерін бойларына сіңдіре білген, ұлағатты ұстаздарымыз да өрледі.
Республикалық «Үздік сынып жетекші -2024» байқауының қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джаламбетова Нұршат Жұмағалиқызы ІІІ орын иегері атанды.
Республикалық «SportArtFest және IQ Battle» байқауында жас мұғалімдер Болатханқызы Гүлдана, Тұрарбек Мұратбек, Курбаналиев Сапармурат Калдыбаевич, Уринбекова Гүлнур Тайырбековна, Әсемхан Ұлан құралған команда жан жақты қабілеттерін көрсете біліп, Бас жүлдеге ие болды.
Облыстық «Таныс, менің ауылым” атты бейнетаныстырылым байқауында география пәнінің мұғалімі Даданбекова Ельмира Аманханқызы-ІІ орын, «Жалынды жастар» байқауында ағылшын тілі пәні мұғалімі Тұмарбаева Әсел Нариманқызы ІІ орын иеленді.
Қалалық «Жас маман-2024» байқауында Тұмарбаева Әсел Нариманқызы Бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңіне жолдама алды.
Сонымен қатар, ұстаздар шебер сынып, ашық сабақ арқылы қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық семинарда тәжірибелерін тарата білді.
Атап айтқанда: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Банецкая Наталья Николаевна халықаралық панорамалық сабақтар семинарында, биология пәнінің мұғалімі Тустикбаева Галия Абилхановна облыстық «Оқу мақсаттары тапсырмаларын орындау арқылы жаратылыстану сауаттылықтарын арттыру» атты семинарда, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Куренкеева Самал Куанбаевна облыстық «Көркем-эстетикалық пәңдерді оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы семинарда шебер-сынып арқылы тәжірибелерін таратқандары үшін Алғыс хатттармен марапатталды.
Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне зор үлесін қосқан үшін мектеп директоры Бюрина Меруерт Хамитовна Қазақстан Республикасы Ы.Алтынсарин академиясының төс белгісімен, директордың орынбасары Байбалиева Лайла Кикеновна Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, информатика пәнінің мұғалімі Айдаболова Раушан Муратовна Жетісу облысы әкімінің орынбасары Құрмет грамотасымен, география пәнінің мұғалімі Даданбекова Ельмира Аманхановна Жетісу облысы әкімінің орынбасары Алғыс хатымен, қазақ тілі мен ідебиеті пәнінің мұғалімі Маликова Шолпан Касымовна Жетісу облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сайдильдинова Гульшат Муратовна Текелі қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл –педагогтардың еңбегіне көрсеткен жоғары баға, құрмет пен сенім.
Осылайша, мектебімізде оқу-тәрбие процесі сапалы түрде жүргізілуде. Мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері қалалық, облыстық, республикалық білім жүйесінде өз орнын тауып келеді.
Мектеп директоры М.Бюрина