11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті.
11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті. Іс-шара барысында құқық қорғау саласына қызығушылық танытқан жастарға полиция қызметінің ерекшеліктері, ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына түсу талаптары мен білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Іс-шараны Академия өкілдері — полиция капитаны Мадина Бейілқызы мен полиция аға лейтенанты Гүлзар Қадирберлина жүргізді. Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.