Кәсіптік бағдар » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2017

Кәсіптік бағдар

Кәсіптік бағдар берудегі мақсатымыз, мектеп бітірушілер,яғни 11 сынып оқушыларының мамандық таңдауын көмектесу.Біздің тарапымыздан және жоғарғы оқу орындарынан көптеген адамдар келіп үгіттеуде. Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қарқыны жеделдеп отырған заманда адамның интелектуалдық еңбек үлесі өсетіндігін және білім деңгейіне, шығармашылық даралығы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талап та жоғарылайтындығын заман дәлелдеп отыр.Сондықтан да өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын дұрыс таңдап, кәсіби құзыретті маман болуына жағдай жасау қазіргі күннің өзекті мәселесі болып отыр.Кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғы шарттары жоғары кластарда туындайды, танымдық қызығушылығы дамиды, жеке мақсат қою талабы, кәсіби мүдде пайда болады.Алайда, жалпы тәжірибеде көрсетіп отырғандай, көптеген мектеп түлектері өзі таңдаған мамандығын, оның қоғамда алатын орнын, еңбек нарығындағы қажеттілігін, перспективалық мүмкіндіктерін біле бермейді.Соңғы кездерде мектеп түлектері арасында педагогикалық, инженерлік-техникалық, қызмет көрсететін жұмысшы мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Мұндай құбылыстарды өзгерту үшін кәсіби бағдар беру жұмысына жаңаша тәсілдер мен формалары пайдалану қажет болып отыр. Жастардың алғашқы әсерлері, олардың педагогикалық еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуіне және мамандыққа қызығуының қалыптасуына жағдай жасау. Мектебімізге көптеген оқу орындарынан келіп, әр оқу орындарының мамандықтарымен таныстырып,мектеп түлектерін үгіттеді.Біздің тарапымыздан атап айтқанда, 9-11 сынып оқушыларын Текелі кәсіптік колледжіне, ІІБ-не,Ашытқы заводына,Текелі қалалық сүт,айран өндіретін заводтарға т.б.көптеген жоғарыда аталған мекемелерге барып оқушылар танысып қайтты.
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік бағдар