«Өмірге Ия деп айт!» республикалық ақпараттық науқаны бойынша » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өмірге Ия деп айт!» республикалық ақпараттық науқаны бойынша
27
май
2017

«Өмірге Ия деп айт!» республикалық ақпараттық науқаны бойынша

Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.
Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі – сегіз жылдық бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін – армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім – қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды.
Б. Бұлқышев
 Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбе¬ген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес…
Б. Момышұлы-міне осындай Ұлы кісілердің сөзіне сүйене отырып сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізді.Тәрбие сағатынан алатын оқушылардың тәрбиесі өмірден алатын рахаты,өмірді қалай сүру,қалай жақсы жағымен өткізу туралы әңгіме талқыланды.
«Балалардың Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі іс –әрекетіне ата-аналардың бақылауын күшейту мәселелері бойынша ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыста сондай-ақ «Синий кит», «Тихий дом», « Пустой дом» атты желілерде таралып жатқан ойындар бойынша ата-аналарда таныстырылды.Бұл жиналысты мектеп психологтары атқарды.Яғги Бектурганова Динара Ержанқызы мен Иксанова Меруерт өткізді.
«Өмір тамаша!Босқа қауіпке жол берме!» тақырыбында лездеме өткен болатын.Бұл лездеменің мақсаты оқушыларды жақсы өмірге тәрбиелеу,жаман қасиеттерден алшақтату.Бұл лездемені директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Баракова ашты.Бұл акцияға бүкіл сынып оқушылары қатысты.Әр сынып өз өмірінің, өз Отанының,өз ата-анасының ,өз мектебінің қандай ыстық екендігі туралы өз ойларын айтты.
«Қауіпсіз интернет» тақырыбында әкімшіліктің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелді мектеп психологтары жүргізді.Дөңгелек үстелге 9-11 сыныптар қатысты.
Балалардың психологиялық тексерілуін және оларға психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
«Қатыгездіксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында жобалар сайысы өтті
»Өмір тамаша!» атты мектепішілік флеш-моб ұйымдастырылды.Бұл флешмобтың мақсаты , 10 ақпан-10 наурыз аралығындағы «Өмірге Ия деп айт!» республикалық акцияға байланысты ұйымдастырылды.