Балалар жылы -2022 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 наурыздағы № 148 қаулысы » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар жылы -2022 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 наурыздағы № 148 қаулысы
18
апрель
2022

Балалар жылы -2022 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 наурыздағы № 148 қаулысы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 наурыздағы № 148 қаулысы
      "Балалар жылын жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 780 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және ұйымдар (келісу бойынша):
      1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
      2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып отырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып отырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.