PIRLS 2021 халықаралық зерттеуі » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2021

PIRLS 2021 халықаралық зерттеуі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасында  білім беруді және ғылымды  дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлеткеттік бағдарламасын іске ауыру мақсатында №4 орта мектеп қабырғасында биылғы жылы 5 – сыныпқа келген оқушылардың мәтінді оқу және түсіну сапасын анықтау үшін  электронды форматта PIRLS-2021 тесті өткізілді. PIRLS түрлі елдердегі бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну деңгейі мен сапасын салыстыруға, сонымен қатар ұлттық білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік берудің бірден бір жолы. 

Тестке 5 «Ә» (қазақ сыныбы), 5 «В» (орыс сыныбы) барлығы 43 оқушы қатысты. Бұл зерттеуде Оқушылар екі түрлі  мәтінмен жұмыс жасады:  әдеби мәтін және  ақпараттық (ғылыми) мәтін. Жұмысты орындауға 80 минут, әр мәтінге 40 минуттан берілді. Оқушылар тест тапсыру кезінде өздерін еркін ұстап,  жақсы көңіл күйде болды. Сонымен қатар алған әсерлерімен бөлісті. 

Сонымен қатар мектеп директоры М.Х. Бюрина және сынып жетекшілері, ата- аналар онлайн сауалнама толтырды. 

PIRLS -2021 халықаралық зерттеуді ұйымдастыруға ат салысқан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары  П.Т. Бекмұратова, Ү.О. Алибекова, информатика пәнінің мұғалімдері С.Д. Жұмағалиева, Р.М. Айдаболова PIRLS -2021 халықаралық зертеуінің  негізгі кезеңіне дайындық бойынша облыс, мектеп үйлестірушілерінің және тест әкімшілерін оқытуға арналған онлайн семинарларына қатысқаны үшін арнайы сертификаттар берілді.