«№4 орта мектеп бойынша PISA, TIMSS халықаралық зертеуіне дайындық туралы мәлімет 2022-2023 оқу жылы » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «№4 орта мектеп бойынша PISA, TIMSS халықаралық зертеуіне дайындық туралы мәлімет 2022-2023 оқу жылы
16
январь
2023

«№4 орта мектеп бойынша PISA, TIMSS халықаралық зертеуіне дайындық туралы мәлімет 2022-2023 оқу жылы

PISA халықаралық зерттеуінің мақсаты – мектептің білім беру тиімділігін, 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау.

Оқушының білімін қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік түрлері :

1.Ақпараттық құзыреттілік: Өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, түсіндіруге және ақпаратты тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

2.Коммуникативтік құзыреттілік: Нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға мүмкіндік береді. 

3.Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі: Әр түрлі жағдайда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік туғызады.

2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінде 4,9 сыныптар арасында PIRLS, PISA, TIMSS халықаралық зертеуіне  дайындық жұмыстары жүргізілуде:

1.      Оқушылардың тізімі құрастырылды. 

2.      Жұмыс жоспары жасалынды. 

3.      Пәндер бойынша дайындық жұмыс жүргізетін мұғалімдер анықталды. 

Осы жоспар бойынша  әр пән мұғалімдері жоспарларын құрып, дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Биылғы оқу жылында 9 сыныптар бойынша 3 сынып бекітілген. 

9а сыныбы -26 оқушы.

9ә сыныбында -27 оқушы. 

9б сыныбында -31 оқушы. 

Қосымша 5-8 сынып оқушыларында PISA халықаралық зертеуіне дайындаудамыз. Пән мұғалімдері әр сабақ сайын КМЖ  сабақ жоспарларында  қайталау және қорытынды бөлімдерінде PISA халықаралық зертеуіне логикалық сұрақтар мен тапсырмалар береді. Сабақ сайын интернет ресурстарымен жұмыс жасайды. Мысалы: Білім ланд сайтының ресурстары pisa тапсырмалары,  testter.kz басқа да сайттармен жұмыс істеуде. 

Оқушыларды  функционалдық сауаттылық бойынша  ІІ тоқсан барысында     математикалық сауаттылық, оқу сататылығы мен жаратылыстану бағыты бойынша оқушылардың тоқсандық білім көрсеткіштерін анықтау, білім олқылықтарын анықтау, орнын толтыру жұмыстарын зерделеу  мақсатында 4,9-сынып бағдарламасына сай «Юстади тест» орталығы арқылы   аралық білімді бақылау  жүргізілді.

Бақылау мерзімі:  22.11.2022 ж. – 24.11.2022 жыл




Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын  қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімінің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндейй, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы  ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана  алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады.

Қорыта айтқанда,   бақылау үзігі нәтижесін саралай келе, алдағы  уақытта сапа көрсеткішін көтеру мақсатындағы жұмыс жалғасын таппақ.




Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары       Ү. Алибекова