Текелі қаласы «№4 ОМ» КММ-де кадет сыныбының ашылуы туралы
Ағымдағы жылдың 1 ақпанында «№4 ОМ» КММ-де алғашқы рет 4 сынып оқушыларынан құралған «Жас сарбаз» кадет сыныбы ашылды. Сыныпта барлығы 30 оқушы. Кадет сыныбын ашудағы мақсат - оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету қимылдарын меңгерту, сонымен қатар, мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алуға және өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын таңдауға ықпал ету. Кадет сыныбының ашылу рәсімінде – Текелі қаласының әкімі Әділ Алмас Қабдолұлы сөз сөйлеп, құттықтады. Оқушыларға кадеттік куәліктерін табыс етті. Сонымен қатар, Жетісу облысы ТЖД бастығы, полковник Бауыржан Ширинбекович Избасаров сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Және де мектебіміздің директоры Бюрина Меруерт Хамитқызы оқушыларды құттықтап, кадет куәліктерін табыс етті.
Мектебіміздің кадеттері еліміздің үмітін ақтап, болашақта өз елінің патриоттары болып өседі деген сенімдеміз. Біздің жас кадеттеріміз өздерінің міндеттерін жетік біліп, әскери тәртіпке бойұсынып,отаншылдық рухта тәлім – тәрбиемен білім алып өсуде.