«OnlineMektep-2020» байқауының жеңімпазы » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «OnlineMektep-2020» байқауының жеңімпазы
16
ноябрь
2020

«OnlineMektep-2020» байқауының жеңімпазы

Текелі қаласы «N4 ОМ МДШО» КММ-сі
«OnlineMektep-2020» байқауының жеңімпазы

 
    Текелі қаласы «№4 ОМ МДШО» КММ-сі жыл сайын оқу-тәрбие саласы бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп келе жатқан мектептердің бірі.Соның бірі биылғы оқу жылында, жақсы жаңалық, республикалық «Үздік оnline Mektep-2020» байқауының жеңімпазы атанып, жүлде қоры 15 миллион теңгеге тұратын BilimBook  интерактивті панеліне ие болды. «Үздік оnline Mektep-2020» респуликалық конкурсқа, Алматы облысы бойынша 51 мектеп қатысып, соның ішінен «№4 ОМ МДШО» КММ жеңімпаз атанып отыр.
 Осының  бірден бір себебі, төтенше жағдайлар кезінде, қауіпсіздік сақтау мақсатында жаңа оқу жылында оқушылар қашықтықтан білім алуда. Мектебімізде 1108 оқушы  мен  92 мұғалімдер онлайн мектеп платформасына тіркелді. Сабақ кестесі толығымен құрылған болатын. Оқушылар мен мұғалімдеріміз сабақ кестесі бойынша жұмыс істеуде. Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс осы платформа арқылы жүргізіледі. Апта сайын мониторинг жасалып, төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен  де жеке жұмыстар жүргізіліп отырғанын қадағалап, осындай жоғарғы нәтижеге қол жеткеніміз, мектебіміздің директоры Бюрина  Меруерт Хамитовна және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Алибекова Үміт Ораскуловнаның үлесі зор. Осындай үлкен, үздіксіз жұмыстың жемісі болар ,мектебіміз Алдағы уақытта да сапалы жұмыс істеп, тек биіктен,жақсы жаңалықтармен және оқушыларымызды  білім нәрімен сусындата береміз деген ойдамыз.