Педагогтардың бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтардың бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру
08
ноябрь
2024

Педагогтардың бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Назар аударыңыз: Конкурс!!!

Мекен-жайы: Жетісу облысы Текелі қаласы, Ә.Кастеев к-сі, 8,  «Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№4 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Электронды поштасы:tekelish4@mail.ru

Мектеп сайты: http://4-tekeli.edu.kz


 «Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№4 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төменде көрсетілген   педагогтардың бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы  хабарлайды:



Лауазымдардың атауы

Оқыту тілі

Саны

Жүктемесі

1

Математика пәнінің мұғалімі


орысша

           2

16 сағат


Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты. Жұмыс өтіліне талап қойылады.


Үміткерлерден құжаттарын қабылдау


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер   хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ( болған жағдайда);

  6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы

11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480


Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүргізіледі:

Жетісу облысы Текелі қаласы, Ә.Кастеев к-сі, 8 «№4 орта мектеп» КММ сағат 10.00  17.00-ге дейін. Байланыс телефоны: 87714055566, немесе электрондық пошта арқылы

tekelish4@mail.ru


Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 4 қарашадан бастап жүзеге асырылады.