Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай кітап көрмесі
№4 орта мектеп кітапханасында қазақтың ақыны , әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы , публицист, педагог , аудармашы, қоғам қайраткері , ағартушы , Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылып, танымдық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектерімен таныстыру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елі н сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.