Ақпарат » Страница 22 » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қыздар жиналысы
09
декабрь
2022
Қыздар жиналысы
Текелі қалалық емхана психологі Тапбергенова О.А. және мектеп медбикесі Джумадилова Ж. және ДТІЖО Бексултанова Д. А. Мен мектеп психологтары қыздар жиналысын өткізді. Жиналыстың мақсаты қыздарға ерте жүктіліктің алдын алу туралы түсіндіру. Тапбергенова О.А. қазіргі жасөспірімдік шақтың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар туралы, Дүниежүзілік ВИЧ-пен күресу күні туралы ақпаратты түсіндіріп өтті.
«Мектепте 20 минут кітап оқу»  оқу сағаты
06
декабрь
2022
«Мектепте 20 минут кітап оқу» оқу сағаты
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Мектепте 20 минут кітап оқу»  оқу сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.  20 минут кітап оқу тиімді әрі пайдалы және кітап оқу дағдысына бейімделуге үлкен септігін тигізеді. 
«Үш тілді білу заман талабы»
06
декабрь
2022
«Үш тілді білу заман талабы»
№4 орта мектеп кітапханасында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Үш   тілді  білу  заман талабы»  атты шара ұйымдастырылды.  Мақсаты: Оқушыларды ана тілімен қатар мектепте оқытылатын өзге тілдерден  білімдерін, тіл жайлы ұғымдарын тереңдету.  Мемлекеттік тілді сүюге, өз тілін  және өзге тілдерді  құрметтеуге тәрбиелеу. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулу. 
«Оқимыз - сурет саламыз», «Читаем - рисуем» атты іс-шара
05
декабрь
2022
«Оқимыз - сурет саламыз», «Читаем - рисуем» атты іс-шара
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында  «Оқимыз - сурет саламыз», «Читаем - рисуем» атты іс-шара ұйымдастырылды. Балалар ертегі кітаптар оқып, сол оқыған ертегі кітаптарының кейіпкерлерінің суретін салды. Мақсаты: балалардың ертегі кітаптарды оқу арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын ояту. Кітаптарды оқи отырып, қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Кішіпейілдікке, мейірімділікке және бауырмалдыққа тәрбиелеу.
МОДО тесті
30
ноябрь
2022
МОДО тесті
№4 ора  мектебінде 4 сыныптар мен 9 сыныптардың білім сапасын анықтау, білім сапасын көтеру  мақсатында  "ЮСТАДИ" тест орталығы арқылы МОДО тесті алынды.
"Үстел теннисі" республкалық турнир
30
ноябрь
2022
"Үстел теннисі" республкалық турнир
Спорт жұлдыздары журналының 15 жылдығына орай журнал жүлдесі үшін жалпы ұстаздар арасындағы  үстел теннисінен өткен республикалық турнирде 1 орынға ие болған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Болатханқызы Гүлдана, математика пәнінің мұғалімі Әсемхан Ұлан марапатталды.
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері"
30
ноябрь
2022
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері"
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" атты сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Балалардың қыс мезгілінде үйде,көшеде қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту. Өз қауіпсіздігне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға тәрбиелеу.
2022-2023 оқу жылының ҰБТ  дайындау туралы
17
ноябрь
2022
2022-2023 оқу жылының ҰБТ дайындау туралы
2022-2023 оқу жылында №4 орта мектебінің 11 сынып оқушыларын ҰБТ -ге дайындау, оқушылардың білімін көтеру мақсатында "Юстади" тест орталығы арқылы онлайн  форматта апта сайын тест тапсыру жұмыстары ұйымдастырылып отыр.
Қалалық «Дарын» ғылыми жобалар байқаудың қорытындысы  туралы ақпарат
17
ноябрь
2022
Қалалық «Дарын» ғылыми жобалар байқаудың қорытындысы туралы ақпарат
Қалалық «Дарын» ғылыми жобалар байқаудың қорытындысы туралы ақпарат Оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға,   ғылыми-зерттеу  қызметін ынталандыруға ықпал ету мақсатында 2022 жылдың  9-11 қараша күндері аралығында   қалалық «Дарын» ғылыми жобалар  байқауы өтті. Оған 8-11 сыныптардың 14 оқушысы қатысып, оның 12 –сі жеңімпаз атанды, оның ішінде   І орын-6, ІІ орын-1, ІІІ орын-5.  Ғылыми байқау қорытындысы бойынша облыстық кезенге  қатысу үшін 4 жеңімпаз ұсынылды:  -Клеймуш Яна 9 сынып
Қалалық «Зерде» зерттеу жобалар байқаудың қорытындысы  туралы ақпарат
17
ноябрь
2022
Қалалық «Зерде» зерттеу жобалар байқаудың қорытындысы туралы ақпарат
Қалалық «Зерде» зерттеу жобалар байқаудың қорытындысы туралы ақпарат Балалардың  зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік   және шығармашылық  әлеуетін қалыптастыруға,  ғылыми-зерттеу әлеуетін ынталандыру мақсатында 2022 жылдың  4 қарашасында қалалық «Зерде» зерттеу жобалар  байқауы өтті. Оған 2-7 сыныптардаң 18 оқушысы қатысып, оның барлығы жеңімпаз және жүлдегер  атанды, оның ішінде   І орын-8, ІІ орын-4, ІІІ орын-6.  Ғылыми байқау қорытындысы
"Нашақорлыққа жол жоқ" 9,10,11 сыныптарға жиналыс
14
ноябрь
2022
"Нашақорлыққа жол жоқ" 9,10,11 сыныптарға жиналыс
Мектебімізде 9,10,11 сынып оқушылармен жиналыс өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына үйрету. Ғасыр дерті болып саналып зиянды әдеттер - темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру. Адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу. Жиналысқа мектеп инспекторы Е. Тынысбек, полиция инспекторы А. Дюзгенбекова және мектеп психологтары А. Меңғали мен А Есказиева қатысты 
"Полицияның жас көмекшілері"
14
ноябрь
2022
"Полицияның жас көмекшілері"
Мектеп инспекторы Е. Тынысбек директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Бексултановамен бірге "Полицияның жас көмекшілері" жасағының мүшелерімен бірлесіп  тәрбие, жемқорлықпен күрес, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дәріс өткізді.