24
февраль
2026
«Своя игра» атты интеллектуалды ойыны туралы ақпарат
Оқушылардың орыс тілі бойынша білімнің түрлі салаларындағы ой-өрісін кеңейту, ойлау дағдыларын және командада жұмыс істеу дағдыларын жаттықтыру мақсатында, ағымдағы жылдың 24 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында 6-сынып оқушылары арасында «Своя игра» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ұйымдастырушылары- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Разбекова А.Н., Керимбекова А.С.
Командалар орыс тілін білуден жарысып, финалда жеңіске жетуге ұмтылды. Балдардың қорытындысы бойынша 6 «а» сыныбының командасы жеңімпаз атанды.
