МЖМБС-ғы өзгерістер бойынша Бірыңғай педагогикалық кеңесті өткізу туралы ақпарат » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЖМБС-ғы өзгерістер бойынша Бірыңғай педагогикалық кеңесті өткізу туралы ақпарат
25
декабрь
2024

МЖМБС-ғы өзгерістер бойынша Бірыңғай педагогикалық кеңесті өткізу туралы ақпарат

Ағымдағы оқу жылының 25 желтоқсан күні Текелі қаласындағы №4 орта мектепте  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының  2024 жылғы 20 қарашадағы №01-1/818 хатына сәйкес, МЖМБС жобасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстар бойынша Бірыңғай педагогикалық кеңес өткізілді.

Педагогикалық кеңесте қазіргі уақытта «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына енген өзгерістер мен толықтырулар  бойынша ішкі талқылау жүргізілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында ұсынылған стандарт жобасында білім мазмұнына қойылатын  талаптар қарастырылып, енген өзгерістер мен толықтырулар  талқыланды.