05
май
2023
Қалалық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі -2023» байқауға қатысу туралы №4 ОМ-тен ақпарат
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің белсенділігін, шығармашылық ізденісін көтеру, жаңашыл педагогикалық тәжірибелерді анықтау және насихаттау мақсатында Текелі қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 18 сәүірде №8 орта мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасындағы «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі -2023» атты байқауының қалалық іріктеу кезені өткізілді.
Іріктеу кезенінің қорытындысы бойынша мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Клиновитская Юлия Викторовна ІІІ орынға ие болды.

