Ағылшын тілі пәні апталығының қорытындысы 2021-2022 оқу жылы » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ағылшын тілі пәні апталығының қорытындысы 2021-2022 оқу жылы
15
апрель
2022

Ағылшын тілі пәні апталығының қорытындысы 2021-2022 оқу жылы

    28 ақпан - 05 наурыз аралығында 2022 жылы, ағылшын тілі пән бірлестігінің апталығы  өтті. Апталықтын ашылуында оқушылар 1-11 сынып арасында тематикалық ойындар өткізіліп, ребустар шешті. Ашық сабақтарды ағылшын тілі мұғалімдері өткізді (Тулебаева А.К., Тагабаева С.М., Мукаева К.К., Ұзақбай М.А., Аманова Д.Ж.)

   Апталықтың келесі кезеңінде 1-11 сынып оқушырлар өздері дайындаған ребустар және сөзжұмбақтар шешті. Барлық аталған сыныптар белсенді қатысып қызуғышылықпен тапсырманы орындады.

      Оқушылар ашық сабақтарға белсене қатысып өз білімдерін ағылшын тілі пәнінен жақсы көрсетті. 

    “Bright ideas” атты ашық сабақ 02.03.2022 3 “В” сыныбында жас мұғалім Ұзақбай М.А. өткізді. Сабақ жақсы өтті, оқушылар сабаққа деген қызуғышылығын танытты.

“Learners read fiction and nonfiction stories” ашық сабақ 6“Б” сыныбында Чалапова А.В өткізді. Бұл сабақта мұғалім жаңа әдіс тәсілдерді көрсетіп, оқушылар белсенділігін танытты.

“Springtime in Kazakhstan” ашық сабақ 1 “Б” сыныбында Тулебаева А.К. өткізді. Бұл сабақта оқушылар әріптерді қосып жаңа сөздерді оқып үйренді ағылшын тілінде. Балалар ойын ойнап жаңа сөздерді жақсы есіне сақтап алды.

“Film genres around the world” ашық сабақ 9 “A” сыныбында Мукаева К.К. өткізді. Балалар ИКТ қолдана отырып тапсырмаларды өздері құрастырып қызуғышылығын арттырды, сабақ өте қызықты өтті.

“Music” ашық сабақ 9  “В” сыныбында Тагабаева С.М. өткізді. Балалар өздері  сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтап, сабақтың соңында рефлексия арқылы жеткен жетпегенін анықтады. Оқушылар сабаққа белсене қатысып әр түрлі бағалау жүргізді. 

“Bright Ideas” ашық сабақ,  3 “A” сыныбында Аманова Д.Ж. өткізді. Сабақ  жақсы ахууалды орнатқаннан басталды. Бұл әдіс балалардың көңіл күйін көтеріп, сабақ барысында белсенді қатысып оқушылар жақсы баға алды.

     Апталықты қорытындыла келе пән мұғалімдері және әкімшілік сабақтарға белсене қатысып әр сабаққа талдау жасап отырды.


              Әдістемелік бірлестік жетекшісі : Тулебаева А.К