Жетісу облысы Текелі қаласы «№ 4 орта мектеп» КММ-нің 1 сыныпқа қабылдауы туралы АҚПАРАТ » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетісу облысы Текелі қаласы «№ 4 орта мектеп» КММ-нің 1 сыныпқа қабылдауы туралы АҚПАРАТ
15
июль
2024

Жетісу облысы Текелі қаласы «№ 4 орта мектеп» КММ-нің 1 сыныпқа қабылдауы туралы АҚПАРАТ

«Жетісу облысы Текелі қаласы №4 орта мектеп» КММ-сі  2024-2025 оқу жылында балаларды 1-сыныпқа қабылдау кезінде қоғамдық резонансты болдырмау мақсатында балаларды 1-сыныпқа қабылдау рәсімі бойынша бекітілген жауапты мамандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында мектепалды даярлық топтарында оқитын оқушылардың ата-аналарына   жиналысы өткізілді. 

Болашақ 1-сынып ата-аналарына балалардың құжатын электронды түрде 2 ақпараттық жүйе арқылы (е-zhetysu, egov) қалай жүктеу туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, келесі жылы 1-сынып алатын мұғалімдер туралы мәлімет айтылды. 

2024 жылғы 23 ақпанда ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған.Заң шеңберінде білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен балаларды 1-сыныпқа оқуға қабылдау барысында тест немесе конкурс рәсімдерін қолданбау қарастырылғандығы да ескертілді.

        2024 жылдың сәуір айынан бастап 1 сыныпқа қабылдау басталып, ата-аналарға хабарландыру айтылып, мектеп сайты мен инстаграм, фейсбук парақшаларға жарияланды. Тіркелу Е-Жетісу платформасы арқылы жүргізіліп, құжаттар электорнды түрде жүктелуде.                                  

        Қазіргі танда 122 оқушы тіркеліп, құжат өткізген. Қазақ сыныптарына 76 оқушы, орыс сыныптарына 46 оқушы тіркелді. Тіркелу тамыз айының аяғына  дейін жалғасады.