2023-2024 оқу жылында №4 ОМ педагогтерінің аттесттаудан өтуі туралы ақпарат » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылында №4 ОМ педагогтерінің аттесттаудан өтуі туралы ақпарат
23
июль
2024

2023-2024 оқу жылында №4 ОМ педагогтерінің аттесттаудан өтуі туралы ақпарат

2023-2024 оқу жылында №4 орта мектеп  бойынша кезекті аттестаттаудан өтуге өтініш берген жалпы педагогтердің саны-31:

педагог-шебер санатына -2;  

педагог-зерттеуші санатына-14;  

педагог-сарапшы санатына-4; 

 педагог –модератор  санатына-11 мұғалім. 

Оның ішінде, 30-жылдық өтілі бойынша ПББ-дан (тестілеуден) босатылғандар саны-6: педагог-шебер санатына өтініштенген мұғалімдер саны-2, педагог-зерттеуші санатына-4. 

2024  жылдың 25 сәүір мен 10 мамыр аралығында ПББ-ға   (біліктілік тестілеу) жалпы тіркелген мұғалімдер саны-25, оңың 13-і тесттен өтті. Оның ішінде, педагог-зерттеуші   санатына -5 мұғалім, педагог-сарапшы санатына-2, педагог- модератор санатына- 6 мұғалім. 

Көрсетілген  мерзімде ПББ-дан өтпей қалған 11 мұғалім ағымдағы жылдың 12-18 шілде  аралығында тест тапсыруға екінші мүмкіндік алып,тестілеуден барлығы  өтті.

Оның ішінде педагог-зерттеуші  санатына -4 мұғалім, педагог-сарапшы санатына-2, педагог- модератор санатына-5 мұғалім. 

Сонымен қатар, мектеп басшысы тестілеуден өтіп, «екінші санаттағы басшы» біліктілік санатын растайтын сертификатына ие болды.

Қазіргі танда педагог-шебер санатын растайтын 2 мұғалімнің  және педагог-зерттеуші санатына өтініш берген 9 мұғалімнің портфолиолары толық жинақталып, екінші кезеннен өтуі үшін облыстық сарапталық  комиссиясына тапсырылды. 

Сондай-ақ,  педагог-сарапшы  санатына өтініш берген 2 мұғалімнің құжаттары  қалалық сараптамалық  комиссиясына, педагог-модератор  санатына өтініш берген 6 мұғалімнің  портфолиолары   мектепішілік  сараптау  комиссиясына тапсырылды. 

2024  жылдың 12-18 шілде  аралығында ПББ-дан өткен мұғалімдердің портфолиолары екінші кезеңінен өтуі үшін аттестаттау ережелері мен шарттарына сәйкес жинақталуда.

Осылайша, мектеп бойынша кезекті аттестаттаудан өтіп жатқан жалпы 31 педагогтің 25-і ПББ-дан өтті, 6-ы 30-жылдық өтілі бойынша тестілеуден босатылған. 

Аттестаттаудан өтіп жатқан мұғалімдерге мектеп әкімшілігі тарапынан әдістемелік көмек үнемі көрсетілуде.