2024 жылдың шілде айында №4 ОМ педагогтерінің аттесттаудан өтуі туралы ақпарат » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024 жылдың шілде айында №4 ОМ педагогтерінің аттесттаудан өтуі туралы ақпарат
16
июль
2024

2024 жылдың шілде айында №4 ОМ педагогтерінің аттесттаудан өтуі туралы ақпарат

№4 орта мектеп  педагогтері  бес жылда бір реттен сиретпей біліктілік санатының деңгейін аттестаттау ережелері мен шарттарына сәйкес арттырып/растап отырады. 

2023-2024 оқу жылында негізгі штаттық кестесіне сәйкес  99 педагог жұмыс атқарды. Оның ішінде жоғары санатты-1, бірінші санатты – 2, екінші санатты – 1, педагог-шебер – 2, педагог-зерттеуші – 24, педагог-сарапшы – 22, педагог-модератор-24. Санаты жоқ 23 педагог бар, оңын ішінде «педагог» санатты-5, «педагог-тағылымдамашы»-8.

Білікті педагогтардың үлесі жалпы санынан 76 % құрайды.

Қазіргі уақытта 29  педагог кезекті аттестаттаудан өтуде. 

Оның ішінде, педагог-шебер санатына-2, педагог-зерттеуші санатына-14, 

педагог-сарапшы санатына-3, педагог –модератор  санатына-9 мұғалім.

Зейнеткерлік жасына жеткен педагог өтініші бойынша -1.

2024  жылдың 25.04.-10.05. аралығында ПББ-ға   (біліктілік тестілеу) тіркелген саны-23, оңың 15-і тесттен өтті. 

Көрсетілген  мерзімде ПББ-дан өтпей қалған 9 мұғалім 12-24 шілде айы аралығында екінші мүмкіндіккеақылы түрде тест тапсыруыға тіркелді.  

Оның ішінде педагог-зерттеуші  санатына -5 мұғалім, педагог-сарапшы санатына-1, педагог- модератор санатына-3 мұғалім. 

12 шілдеде   1 мұғалім ақылы түрде тест тапсырып, өтініштенген педагог-модератор санатына шекті балл жинады.

Қазіргі танда педагог-шебер санатын растайтын 2 мұғалімнің  және педагог-зерттеуші санатына өтініш берген 9 мұғалімнің портфолиолары толық жинақталып, екінші кезеннен өту үшін облыстық сарапталық  комиссиясына тапсырылды. Оның ішінде 30-жылдық өтілі бойынша ПББ-дан босатылғандар саны-6.

Сондай-ақ,  педагог-сарапшы  санатына өтініш берген 2 мұғалімнің құжаттары  қалалық сараптамалық  комиссиясына, педагог-модератор  санатына өтініш берген 6 мұғалімнің  портфолиолары   мектепішілік  сараптау  комиссиясына тапсырылды. 

Аттестаттаудан өтіп жатқан мұғалімдерге мектеп әкімшілігі тарапынан әдістемелік көмек үнемі көрсетілуде.