Текелі қаласы №4 ОМ асхана туралы АҚПАРАТ
2024-2025 оқу жылында мектептегі ыстық тамақпен қамтылған ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларының және жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін 356 оқушылардың тамақтануы, асхананың талапқа сай жұмыс жасауын және балаларға берілетін тамақтардың сапасы мен ұйымдастырылуына бақылауды мектеп директоры, кәсіподақ төрайымы, қамқоршылық кеңес төрайымы, ата-аналар комитетінің өкілдері, мектеп медбикесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілер тарапынан құрылған комиссия құрамы «Дайын тамақтың сапасына бақылау» (бракераж) журналының толтырылуына да тексеру жүргізілді..Асхана толық ас мәзірі арқылы жұмыс атқарды.Ыстық тамақ ас мәзірі бойынша берілді.Күнделікті тексеріс бойынша талапқа сай ас мәзірі берілді.Дастархан оқушыларға толықтай жайылады.Тамақтану мен тамақ пісіру орны талапқа сай, тазалық жасалынып,дезинфекцияланады. Оқушыларға берілетін тағамдар сапасы мөлшерге сай ас мәзірі бойынша үнемі өзгеріп отырады.Оқушылар сүзгіден өткен тазартылған су тұтынды. Мектеп асханасының санитарлық талаптарының, залалсыздандыру жұмыстарының толық тиісті дәрежеде жүргізілуіне және асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтауы да уақытылы қадағаланып тұрды. Асханада 7 адам жұмыс жасады. Медициналық бақылаудан өткен, санитарлық кітапшалары реттелген, арнайы киімдермен қамтамасыз етілген. Тексеру кезінде шикі тағам сақтайтын бөлмелердің тазалықтары, азық-түліктердің сақталу мерзімінің дұрыстығы, сүт, май, ет тағамдарының тоңазытқышта сақталу жайы да тексерілген,талапқа сай.Оқушылар асханаға қойылған кесте бойынша асханаға келеді.Оқушылардың қол жууына, қол кептіруіне жағдай жасалынған.Мектеп асханасының кестесіне сай кезекшілік атқарылады. Мектеп әкімшілігі кезекшілік белгіленген уақытта кесте бойынша кезекшілік атқарды.
Тамақ мәзірі бойынша барлық талаптар сақталған,аспазшылардың медициналық тексерістен өткен кітапшалары бар.Тамақтанатын ыдыстар таза, ыдыс жуатын орындар талапқа сай орнатылған,тамақтың дайындалуына жауапты адамдардың арнайы білімдері бар.Тамақтарды сақтау бойынша арнайы тоңазытқыштар мен жеке қойма орындардың бар,алынған тағамдардың барлығының сақталу мерзімі көрсетілген.