2023 жылғы № 4 орта мектеп бойынша жетістіктері туралы ақпарат » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жылғы № 4 орта мектеп бойынша жетістіктері туралы ақпарат
25
декабрь
2023

2023 жылғы № 4 орта мектеп бойынша жетістіктері туралы ақпарат

Әлемдік білім кеңістігінің құпияларына терең үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында Жетісу облысы Текелі қаласының №4 орта мектебінде  толымды істер атқарылуда.        

Оқушылардың интеллектуалдық және тұлғалық өсуі, оларды әрі қарай дамыту және жетілдіру ушін мектепте жағдай жасалған. 

Өтіп бара жатқан 2023 жылында  мектебіміз көптеген жетістіктерге жетті.

2023 жылдың  ақпан айында  9-11 сынып оқушыларына арналған  жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінде 4 оқушымыз жеңімпаз атанды: орыс тілінде оқытатын сыныптарда   қазақ тілі пәні бойынша 10-сынып оқушысы Хакимова Жанелия ІІ орын (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Хамитжанова Гульжанат Далеловна);география пәнінең 10-сынып оқушысы Байсейт Құаныш ІІІ орын (жетекшісі география пәнінің мұғалімі Даданбекова Ельмира Аманхановна); құқықтану негіздері пәнінең 9-сынып оқушысы  Жаналиева Аиша ІІІ орын (жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Мурзагулова Сауле Байгалиевна); биология пәнінен 10-сынып оқушысы Елюбай Адемай ІІІ орын (жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Тустикбаева Галия Абилхановна).

Осы олимпиаданың республикалық  кезеңінде   10-сынып оқушысы Хакимова Жанелия ІІІ жүлделі орынға ие болды (жетекшісі  Хамитжанова Гульжанат Далеловна).

2023 жылғы наурызда 11-сынып оқушысы Ильясова Асель республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын» зерттеу жобалар байқауының қоршаған ортаны қорғау секциясы  бойынша  жеңімпаз атанды- ІІІ орын (жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Тустикбаева Галия Абилхановна).

2-7 сынып оқушыларына арналған  республикалық «Зерде»  зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар  конкурсында 4-сынып оқушысы Шаймардат Самғат робототехника секциясы бойынша ІІІ жүлделі орынды иеленді (жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Жумагалиева Сымбат Дунияевна).

2023 жылдың  мамыр айында   5-6 сынып оқушылары арасында  өткен жалпы білім беретін пәндер облыстық олимпиадасында орыс тілі мен әдебиет пәнінең  5-сынып оқушысы Севрюгина Ульяна І орынға (жетекшісі Байтогаева Ляззат Кажымуратовна); жаратылыстану пәнінең 6-сынып оқушысы Еркінбек Ислам ІІ орынға ие болды (жетекшісі Каримсакова Ақбілек Нұртанқызы).

9-сынып оқушысы Әуелбек Ұлағат республикалық Ілияс оқуларында ІІ орын және облыстық қазақ тілі пәнінең  «Ақберен» олимпиадасында І орын жеңімпазы болып  атанды (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Утепова Гульмира Турсынхановна)

Облыстық Ілияс оқуларында  «Ілияс- қазақ поэзиясының  жыр құлагері» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Тәлет Айбота ІІІ орын иегері болды ( жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Матенбаева Гульзира Хамитовна).

 «Менің   кіші  Отаным»  атты   V  республикалық  жас  тарихшылар зияткерлік конкурсының  облыстық кезеңінде10-сынып оқушысы  Утеуова Альбина ІІ орынға ие болды  (жетекшісі  тарих пәнінің мұғалімі Садакбаева Гүлім Байтасқызы).

Облыстық  Мағжан   оқуларында 8-сынып оқушылары Нарымбетова Мөлдір, Манап Арай ІІІ орын иегерлері болды  (жетекшісі  Утепова Гульмира Турсынхановна).

10-сынып оқушысы Болатхан Ардана облыстық Абай оқуларында ІІІ орынды иеленді (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Маликова Шолпан Касымовна). 

Облыстық Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасында 10-сынып оқушысы  Тохтахунова Реалина «Көркем сөз» бағыты бойынша ІІ орын алды (жетекшісі Маликова Шолпан Касымовна). 

Дәстүрлі түрде   өтетін республикалық зияткерлік олимпиадаларында  жалпы 49 оқушымыз жүлдегер қатарынан көрінді: "Ақбота» -24  , «Кенгуру-математика барлығы үшін»  -12, «Кемел»-13.

2023 жылдың қараша айында  «Адал ұрпақ» жоба аясында өткен   қалалық байқауында оқушыларымыз Жаркимбаева Айғаным, Серікқажы Фархад, Өмірсерік Акерке, Баймаш Мерей, Бейсенбай Қырмызы І орынға ие болды (жетекшісі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бексултанова Айгерім Даулеткелдіқызы).

Республикалық өзге ұлт оқушылары арасында өткен «Тіл мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты қазақ тілі олимпиадасында жүлделі орындарға ие болған оқушыларКопечник  Ольга, 9-сынып ІІ орын, Наумкина Елизавета 7-сынып, Шаяхметова Данелия,8-сынып ІІІ орын (жетекшісі Айдаболова Асемгуль Муратовна); Хакимова Жанелия, 10-сынып ІІ орын (жетекшісі Хамитжанова Гульжанат Далеловна); Тохтахунова Реалина, 11-сынып ІІ орын (жетекшісі Маликова Шолпан Касымовна).

2023 жылғы желтоқсанда республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын» зерттеу жобалар байқауының облыстық кезеңінде 10-сынып оқушысы Клеймуш Яна ағылшын тілі секциясы  бойынша  ІІІ жүлделі орынды болды (жетекшісі  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тагабаева София Муратовна).

Сондай-ақ, 2-7 сынып оқушылары арасында өткен облыстық «Зерде»   зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар  конкурсында оқушыларымыз жеңімпаз  қатарынан көрінді:  биология  секциясы бойынша 2-сынып оқушысы  Ебекен Інжу-ІІ орын (жетекшісі  бастауыш сынып мұғалімі Рахимбердина Айман Баяхметовна); ағылшын тілі секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Турдибеков Сардарбек-ІІ орын (жетекшісі  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дорводхан Айнұр): қазақ тілі секциясы бойынша 6-сынып оқушысы Жусипова Айдана-ІІ орын (жетекшісі Маликова Шолпан Касымовна).

2023 жылғы 18-20 желтоқсан күндері  аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында  өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеніне 38 оқушы қатысып, оның 32  жеңімпаз атанды: І орын-12, ІІ орын-15, ІІІ орын-5.

Шәкірттеріміз өздерінің жоғары қабілеттерің әртүрлі шығармашылық, спорттық жарыстарда да  көрсете білді.

Атап айтқанда: республикалық «Дала сазы» байқауында хореография номинациясы бойынша 8-10 жас балалар аралығында «Еркетай» би тобы І орынға ие болды (жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Баракова Назгуль Токтарбековна).

2023 жылғы желтоқсанда Алматы қаласында өткен  «Beauty made». Конкурс талантов» атты шығармашылық байқауында «Ұздік би» номинациясы бойынша 8, 9-сынып оқушылары   Нурлан Айман,  Нурлан Сырым мен 2-сынып оқушысы Нурлан Нурбек Бас жүлдеге ие болды (жетекшісі Баракова Назгуль Токтарбековна).

Шахмат ойыны бойынша облыстық турнирде 6-сынып оқушысы Жұматай Ақжол І орынды иеленді (жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сейтбай Қайрат Құдайбергенұлы).

Облыстық футбол чемпионатында 6-сынып оқушысы Оңалбай   Алинұр мен 7-сынып оқушысы Еңдібек Азамат І жүлделі орынды болды (жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Елеусизов Берик Кайрбекович).

Осындай талантты шәкірттерге өз білімдерімен сусындатып,бар жақсыны бойларына сіңдіре білген,ұлағатты ұстаздарымызда республикалық, облыстық, қалалық байқауларда өздерін биік шыңдардан көрсете біледі. 

Атап айтқанда: облыстық «Таныс, менің ауылым” атты бейнетаныстырылым байқауында география пәнінің мұғалімі Даданбекова Ельмира Аманхановна ІІ орын; облыстық «Жалынды жастар» байқауында музыка пәнінің мұғалімі Курбаналиев Сапармұрат Калдыбаевич, математика пәнінің мұғалімі Әсемхан Ұлан ІІ орын.

               Республикалық «Білікті ұстаз-2023» педагогтер арасында  олимпиадасына 10 мұғалім  қатысып, барлығы жүлделі  орындарға ие болды: ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Тагабаева София Муратовна, Чалапова Анастасия Валерьевна, Дорводхан Айнұр-ІІ орын, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Байтогаева Ляззат Кажымуратовна, Разбекова Асель Нургазыевна- ІІ орын, бастауыш сынып мұғалімдері Куренкеева Раушан Куанбаевна, Оразбаева Турсынхан Мухаевна-ІІ орын, Тайгельдинова Айнур Серикжановна, Рахимбердина Айман Баяхметовна-ІІІ орын, биология пәнінің мұғалімі Каримсакова Ақбілек Нұртанқызы- ІІ орын.

Республикалық «Педстарт» олимпиадасының женімпаздары болып атанған:   орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Байбалиева Лайла Кикеновна- І орын, Керимбекова Ардак Советкалиевна -ІІ орын, химия пәнінің мұғалімі Айтқажы Рабиға-ІІІ орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жайнакова Гүльназ Бурабаевна-ІІ орын. 

Республикалық бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен   «Блиц-турнир» байқауында Джуманова Алена Чайбековна, Кальпебаева Светлана Кабарждановна ІІ орынды иеленді.

Қалалық кәсіби байқауларында ұстаздарымыз шығармашылықпен жұмыс істейтінің, ғылыми-әдістемелік  шеберлігі қалыптасқан, жан-жақты дамығанын көрсете біліп, женімпаз атанды: «Жылдың үздік мұғалімі-2023» байқауында биология пәнінің мұғалімі Каримсакова Ақбілек Нұртанқызы-Бас жүлде; «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2023» байқауында Джуманова Алена Чайбековна-І орын; «Үздік сынып жетекші-2023» байқауында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жанабаева Айнур Бурибаевна-І орын; «Үздік дене шынықтыру пәнінің  мұғалімі» байқауында Клиновитская Юлия Викторовна- ІІІ орын, «Жас маман-2023»  байқауында математика пәнінің мұғалімі Әсемхан Ұлан-ІІІ орын.

Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне  зор үлесін қосқан  үшін бастауыш сынып мұғалімі Бекмуратова Парида Танатаровна «Қазақстан Республикасы  Еңбек ардагері» төсбелгісімен, математика пәнінің мұғалімі Кабиева Бақыт Мамырбековна ҚР   Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хамитжанова Гульжанат Далеловна мен география пәнінің мұғалімі Даданбекова Ельмира Аманхановна ҚР  Оқу-ағарту министрлігінің Құттықтау хатымен, тарих пәнінің мұғалімі Мурзагулова Сауле Байгалиевна ҚР кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамотасымен, информатика пәнінің мұғалімі Жумагалиева Сымбат Дунияевна Текелі қаласы әкімінің Алғыс хатымен,бастауыш сынып мұғалімі Жанабаева Эльмира Куанышевна Текелі қаласының білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

   Осылайша, мектептегі  оқу-тәрбие процесі сапалы түрде жүргізілуде. Педагогикалық ұжым мүшелері арасында бірлескен атмосфера қалыптасқан. Мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері   қалалық,  облыстық, республикалық  білім жүйесінде өз орнын тауып келеді.




№4 ОМ директорының әдістемелік жұмыс 

жөніндегі орынбасары                                                     Байбалиева Л.К.