тік Математика, информатика, физика пәндерінің апталығының қорытынды сараптамасы 2021-2022 оқу жылы » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Коммунальное государственное учреждение
"№4 орта мектебі"
отдела образования города Текели
Приемная
+7(728) 35-4-55-25
Бухгалтерия
+7(777) 369-16-93
Версия для
слабовидящих
» » » Математика, информатика, физика пәндерінің апталығының қорытынды сараптамасы 2021-2022 оқу жылы
31
январь
2022

Математика, информатика, физика пәндерінің апталығының қорытынды сараптамасы 2021-2022 оқу жылы





















Математика, информатика, физика пәндерінің 
апталығының қорытынды сараптамасы 2021-2022 оқу жылы

Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі.  Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу.   Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған . Осы орайда, мектебімізде нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндері бірлестігінің қаңтардың 24-і мен 28-ы аралығында «Математика ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік.»    атты  апталығы  өткізілді.

Апталықтың мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.

Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар, яғни сыныптан тыс іс- шаралар, пікір сайыстары мен ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді.

24.01.2022ж. Апталықтың ашылуы «Қызықты математика .....» тақырыбында логикалық есептер,PISA есептерін  шешуден басталды. Нәтижесінде оқушылардың пиза есептерін шешуге  қызығушылықтарының бар екенін көрдік.





25.01.2022ж. 11а сыныбында «PISA  есептерді шешу » тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Сабит Кулшат. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды математикалық сауаттылық арттырып, Логикалық мәтінді есептерді шешудің оңай әдіс–тәсілдерін үйрету.





26.01.2022ж. Физика Пәнінен 9а сыныбында «Тербелмелі қозғалыс» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Жаманкулова С.С 

Сабақ мақсаты: Тербеліс жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдануды үйрету, қоршаған ортадан еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру әрі қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне оқушылар назарын аудару,  







26.01.2022ж.  5г сыныбында тақырыбында математика пәні мұғалімі Безус Н.В «Перевод десятичной дроби в обыкновенной дроби – в десятичиноую»

Тақырыбында ашық сабақ өткізді.

27.01.2022ж. 5б сыныбында математика пәні мұғалімі Мейрамбай Қ. «Ондық бөлшектерді оқу және жазу, ондық бөлшектерді жәй бөлшекке айналдыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ мақсаты: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру ережесін түсінудіру,

Ондық бөлшекті жай бөлшекке   айналдыруды есептер арқылы практика жүзінде үйрету.







28.01.2028ж.  Информатика пән мұғалімі Жумагалиева С.Д. «Робататехника»    тақырыбында 6а сыныбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ мақсаты: Робататехниканың   пайдасы мен зияны туралы деректерді оқушыларға жеткізу.












28.01.2022ж . 8б сыныбында  ««Закон Ома для участка цепи» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.пән мұғалімі Әділ Зухра.

Сабақтың мақсаты: 

*применять закон Ома для участка цепи при решении задач,

* установить зависимость между силой тока, напряжением на    однородном участке  электрической цепи  и сопротивлением этого участка.










Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).

     Бекітілген жоспар бойынша барлық іс-шаралар мезгілінде жүргізілді. Апта бойы оқушылар   жоспардағы іс-шараларға белсене қатысты.






Бірлестік жетекшісі:                                                       Саби Кулшат