Математика, информатика, физика пәндерінің апталығының қорытынды сараптамасы » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Математика, информатика, физика пәндерінің апталығының қорытынды сараптамасы
10
февраль
2023

Математика, информатика, физика пәндерінің апталығының қорытынды сараптамасы

Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі.  Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу.   Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған . Осы орайда, мектебімізде нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндері бірлестігінің қаңтардың 23-і мен 27-ы аралығында «Қызықты математика»    атты  апталығы  өткізілді.

Апталықтың мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.

Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар, яғни сыныптан тыс іс- шаралар, пікір сайыстары мен ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді.

23.01.2023ж. Апталықтың ашылуы «Қызықты математика» тақырыбында логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтарын  шешуден басталды. Нәтижесінде оқушылардың логикалық есептерін шешуге  қызығушылықтарының бар екенін көрдік.


23.01.2023ж. 7 в сыныбында «Давление в жидкостях и газах» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Калимов А.Б. 

Сабақтың мақсаты: 

-объяснять давление газа на основе молекулярного строения;

- выводить формулу гидростатического давления в жидкостях и применять ее при решении задач



25.01.2023ж. Физика Пәнінен 7ә сыныбында «Қысым тақырына есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Жаманкулова С.С 

Сабақ мақсаты: есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану.


25.01.2023ж.  6а, 6ә сынытарында «Көңілді математика әлемі» тақырыбында математика пәнінен сайыс сабақ өткізілді. Мұғалімдер: Сейткалиева Ардақ, Әсемхан Ұлан.

Мақсаты: Оқушыларды ойната отырып ойлату, қазақ халқының мол мұрасымен сусындандыру. 

2) Ой өрістерін кеңейту. 

3) Командада ұжымдастыққа тәрбиелеу




26.01.2023ж.  7б сыныбында «На математической волне» тақырыбында викторина өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.



26.01.2023ж.  Информатика пән мұғалімі Төлеу Ә. Т. «HTML тілі құжатында графиканы қолдану»    тақырыбында 10а сыныбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ мақсаты: HTML тілі құжатында графиканы қолдану.


27.01.2023ж . 5г сыныбында  «Сложение и вычитание десятичных дробей» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. пән мұғалімі Безус Н.Б.

Сабақтың мақсаты: Выполнять сложение и вычитание десятичных дробей.




Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).

     Бекітілген жоспар бойынша барлық іс-шаралар мезгілінде жүргізілді. Апта бойы оқушылар   жоспардағы іс-шараларға белсене қатысты.

Бірлестік жетекшісі:                                                        Сангараева Г.Қ.