«Отбасы құндылықтары» атты тренинг » Жетісу облысы, Текелі ауданы, №4 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 35-4-55-25
Есепші бөлімі:
+7(777) 369-16-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы құндылықтары» атты тренинг
14
октябрь
2022

«Отбасы құндылықтары» атты тренинг


«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша Білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің « №4 ОМ МДШО»КММ


АНЫҚТАМАСЫ

8 сынып оқушыларымен «Отбасы құндылықтары» атты тренинг өткізілді.

Тренинг мақсаты: отбасы құндылықтарын, отбасы ерекшеліктерін өзектендіру, отбасы ұғымын түсіндіру, отбасы құндылықтарын қалыптастыру, тыңдай білу және кері байланыс беру, отбасы құндылығын қалыптастыруға ықпал ететін тұлғалық қасиеттерді дамыту.


Тренинг барысы

Оқушылармен амандасу

Отбасы, отбасы құндылығы туралы түсініктермен бөлісу

Ассоциация жаттығуы

Мінсіз отбасы кластері

«Отбасы құндылықтары ағашы» жаттығуы


Балалармен тренинг барысында шаттық шеңбері арқылы бір-бірін жылы сөздермен сипаттады. Оқушылар отбасы туралы түсініктерін ортаға салып бөлісті. Отбасындағы маңызды құндылықтарды атап шықты.


Ассоциация жаттығуы арқылы отбасы дегенде ойларына не келетіні жайлы және теңеулерді айтты.


Мінсіз отбасы кластерінде балалар мінсіз ата-ана мен балаларды сипаттап, оқушылар барлық адам кемшілік жіберіп, ата-аналар мінсіз болмайтынын түсінген.


Отбасы құндылықтары ағашында, балалар өздерінің отбасындағы құндылықтарды маңызы бойынша орын беріп жазды.

Оқушылар жалпы отбасылық құндылықтардың маңызын түсіне отырып, қазіргі заманғы отбасылардағы құндылықтар туралы түсінік қалыптастырды.


 





Психолог                                 А.Есказиева

                                                 Ә.Меңғали